jasqazaq.kz

Шымкентте тамақ өнеркәсібі дамиды

30 маусым 2023, 23:06

Шымкент қаласында ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін өндіріс алаңдарын дамыту мақсатында, аумағы 132 гектарды құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі агроиндустриялық аймағында инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізіліп жатыр екен. Нәтижесінде, 21 жобаға 23 млрд теңге инвестиция тартылып, 1 800-ден аса жұмыс орны ашылатын болыпты. Инженерлік-инфрақұрылыммен қамту толығымен 2023 жылдың соңына дейін аяқталады. «Орналастырылатын жобалар пулы дайын» дейді мамандар.

«Жұлдыз» индустриалды аймағының жалпы ауданы 306 гектарды құрайды. Аталған аймақта 35 жоба (3152 жаңа жұмыс орны) жүзеге асады деп жоспарланған. Биыл оның 6-уы іске қосылып, 450-ден астам азамат тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен іске асатын болады. Ал, 2022-2026 жылдар аралығында «Жұлдыз» индустриалды аймағынан 50 компанияның инвестициялық жобалар пулы әзірленді. Яғни, тағы 3600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деген сөз.

Айта кету керек, бүгінгі Шымкенттің әлеуметтік-экномикалық даму көкжиегі кеңейген. Мегаполис ретіндегі әлеуметтік, кәсіпкерлік бағыттағы көптеген нысандармен толығып, ауылшаруашылығына арналған жер көлемі қысқарғаны жасырын емес. Десе де жалпы аумағы 117 мың гектарды құрайтын жер аумағында 30 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілуде.

Агроөнеркәсіптік салада алға жылжу байқалады. Мысалы, былтыр Шымкентте 13 мың гектарға – дәнді дақыл, 3,6 гектарға – майлы дақыл егілген. Мал азықтық дақыл үшін 9,6 гектар бөлінген. Көкөніс пен бақша өнімі – 3,4 гектарға, картоп 0,4 гектарға егілген. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 0,7 мың гектарға артық. Егіс алқаптарынан жалпы 94,3 мың тонна егін жиналған. Оның 20,1 тоннасы дәнді, 3,2 тоннасы майлы дақыл, 48,2 мың тоннасы көкөніс пен бақша өнімдері, 4,4 мың тоннасы картоп және 18,3 мың тоннасы мал азықтық дақылдары.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, саудалогистикалық орталығын кеңейте отырып, бүкіл оңтүстік өңірі үшін өңірлік хаб құру жұмыстары басталды. Жобаны іске асыру мерзімі 2023-2027 жылдар. Аталған ай­мақта 47 млрд теңгеге 23 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Аумағы 119 гектарды құрайтын жаңадан «Стандарт» жеке индус­триялық аймағы құрылуда. Бұл аймаққа 30 млрд теңге инвестиция тартылып, 150 жобаны іске асыру арқылы, 2 мың жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Биыл өңдеу өнеркәсібінде 300-ге жуық жаңа жұмыс орнын құрып, 14 жоба іске асырылып, 14 млрд теңге инвестиция тартылмақшы.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі