jasqazaq.kz

Шымкентте табиғи газ мәселесі 2025 жылы толық шешіледі

16 маусым 2023, 15:27

Соңғы 5 жылда инженерлік — инфрақұрылым жүйелеріне бюджеттен 191 млрд теңге бағытталып, оның 87 пайызы немесе 166 млрд теңгесі соңғы үш жылда бөлінді.

Шымкентке 2018 жылы республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілген кезде инжинерлік инфрақұрылым қуаттылығының жетіспеуі секілді бірқатар өзекті мәселелер болған. Бұл қаланың экономикалық дамуы мен инвестициялық тартымдылығына кері әсерін тигізері анық. Осыдан бес жыл бұрын магистралды ауыз су қуаттылығы тәулігіне 273 мың текше метр болса, халықтың қажеттілігі 323 мың текше метрді құрайтын. Электр энергиясында да осыған ұқсас мәселе, қала тұрғындары тәулігіне 330 мВт жарық қуатын қолданып келген. Ал, негізгі қажеттілік 455 мВт. Шымкент халқы 270 мың текше метр табиғи газ қажеттілігі болғанымен тәулігіне 180 текше метр газды тұтынып келді.

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, жалпы қаладағы 297 мың халыққа ауыз су, 308 мың халыққа электр энергиясы және 257 мың тұрғынға табиғи газ жеткізу мүмкіндігі болмапты. Мұндай күрделі мәселені шешу үшін, Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, қаланы инженерлік инфрақұрылыммен қамту бойынша жоспар әзірленген.

–Жолдардың сапасы бойынша да бірнеше өзекті мәселе болатын. Қаланы инфрақұрылыммен қамту жөнінде арнайы жол карта әзірленіп, жоспар Үкіметтің қолдауымен қарқынды іске асырылып жатыр. Соңғы 5 жылда инженерлік — инфрақұрылым жүйелеріне бюджеттен 191 млрд теңге бағытталып, оның 87 пайызы немесе 166 млрд теңгесі соңғы үш жылда бөлінді. Нәтижесінде, 1 магистралды суаққы салынып, қуаттылығы тәулігіне 364 мың кубқа жетті. Ол, шамамен 2030 жылға дейін жетеді. 4 қосалқы станция салу арқылы, электр энергиясының қуаттылығы 490 мВт-қа жетіп, қаланың 2025 жылға дейінгі қажеттілігі шешілді. Газдандыру саласында да оң нәтижеге қол жеткіздік. Жаңа АГРС салу арқылы, газ қуаттылығы тәулігіне 430 мың метр кубқа жетіп, 2030 жылға дейінгі табиғи газ мәселесі шешімін тапты, — деді М.Әйтенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингте.

Шаһарда 2022 жылдың қорытындысымен ауыз сумен қамту деңгейі 98, электрмен қамту 98, табиғи газбен қамту 94 пайызға жетті. Биыл елді мекендерді ауыз су, сапалы электр жүйелерімен қамту мәселесі шешілсе, 2025 жылы табиғи газ тарту құрылыстары аяқталып, қала халқы 100 пайыз көгілдір отынға қол жеткізеді.

Мерей Әлімбек

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде