jasqazaq.kz

Шымкентте «Свой дом» қаржы пирамидасын құрғандар сотталды

04 қантар 2024, 12:07

«Свой дом» қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті аяқтады.

Тергеу барысында салымшылардың баюы басқалардың жарналары есебінен жүзеге асырылатын қаражат жинау схемасы анықталды.

«Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары инвесторларға енгізілген сомадан 40% пайда алуға уәде берген. Қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті деп танылды, салымшыларға келтірілген шығын көлемі 49 млн теңгені құрайды», — делінген агенттік дерегінде.

Сот үкімімен бұл тұлғалар кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. ҚМА қаржы пирамидасын құру қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланатынын ескертті.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі