jasqazaq.kz

Шымкентте су арналарының жөндеуі аяқталуға таяды

07 мамыр 2023, 11:09

Құрылысы қарқын алған нысандарға жалпы саны 37 техника 58 жұмысшы жұмылдырылған.

Шымкент қаласының аумағында орналасқан су арналарына қазір күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шапырашты су арнасының күрделі жөндеу жұмыстарының 80%-ы, Чумчак 98%-ы, Сай ниже водопада 95%-ы аяқталуға жақын. Аталған су арналарының құрылыс жұмыстарына жалпы саны 37 техника 58 жұмысшы жұмылдырылды.

Биісті басқарма қызметкерлері жергілікті шаруалармен кездесіп, кездесу барысында тұрғындар жауапты мамандарға өз ұсыныстары мен талаптарын ашық жеткізді. Сондай-ақ 5-ші мамырдан бастап ағын су беру науқаны басталмақ.

Шымкент қаласы аумағында жалпы саны 34 су арнасы 2 өзен бар. Соның ішінде қазір 3 су арнасының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталуға жақын. Арнайы өлшем жүргізіліп, жерді құрылыс жұмыстарына дайындап, бетондалған арық жүйесі орнатылуда. Қазіргі таңда «Көк», «Сай ниже водопада» және «Чумчак» су арналарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жұмыстардың 80%-ы орындалып, жыл соңына дейін толықтай аяқталмақ. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Чумчак, Сай ниже водопада және Шапырашты су арналарына жауапты мердігер мекемеден 27 техника 50-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды. Аталған су арналарының жөндеу жұмыстары аяқталған соң шаруаларға су беру маусымын бастау жоспарланып отыр. Мердігер мекеме басшылары 1 мамырға дейін жұмыстың 85 пайызы орындалатынын жеткізген болатын.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласында көктемгі жауын-шашынның салдарынан су шаю қаупін алдын алу мақсатында қалада ирригациялық жүйелерді тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілді. Сайрам тұрғын алабында орналасқан Ұлық, Ұлық-2, Қызылсу, Құралас, Ханка су арналарын қолмен тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде осы су арналарынан күніне 45 куб, 10 күнде 450 куб тұрмыстық қалдықтар мен күл қоқыстар шығарылды.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі