
Бүгінде Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты Көксу, Чумчак, Сай ниже водопада су арналары күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Қала әкімі М.Әйтенов аталған каналдарда болып, құрылыс барысын қадағалады. Бұл жөнінде қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әкімдік таратқан ақпаратқа сәйкес, жоба бойынша 13, 5 шақырым «Көксу» арнасының ішіне 210 метрлік бетондалған трапеция, 3,3 шақырым Г тәрізді блок және 10 лоток орнатылады. Сондай-ақ су жіберу нысандары, көлік өткелдері, жаяу жүргінші өткелдерін жөндеу қарастырылған. Қазіргі уақытта бетондалған трапеция толығымен және Г- тәрізді блоктың 2,5 шақырымы орнатылыпты.
Ал, күрделі жөндеуден өтіп жатқан «ЧУМЧАК» су арнасының жалпы ұзындығы 5,3 шықырымды құрайды. Жоба бойынша су шығару нысандары мен көлік және жаяу жүргіншілер өткелдерін жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта жер қазу, көлік өткелі, бетондау, су шығару нысанын орнату жұмыстары толығымен аяқталып, су жіберу нысандары арқылы жергілікті тұрғындарға су берілуде. Аталған су арнасының қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 95% аяқталды.
Сонымен қатар, «Сай ниже водопада» су арнасында да күрделі жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жобада арнаның жалпы ұзындығы 8,2 шақырым, оның ішінде 504 метрлік блок, 10 лотогын ауыстыру қарастырылған. Сондай-ақ, су жіберу және тоспалаушы нысандарда жөндеу енгізілген. Қазіргі таңда лотоктар мен блок орнатылып, таспалаушы нысанды жөндеу аяқталған. М.Дүйсенбекұлы каналдардың құрылысын сапалы атқарып, жұмыстарды өндірістік кестеге сай жүргізуді тапсырды.
Қала аумағындағы каналдардың жөнделуі ауылшаруашылық жерлерін игеруге жағдай жасайды. Одан бөлек, қаланың микроклиматын жақсартуға су арналарының өзіндік орны бар.
Айта кетейік, өткен жылы егістік жерлерді суару каналдарының су өткізу қабілетін жақсартуда мемлекеттік-жекешелік əріптестік аясында жалпы ұзындығы 197 шақырымды құрайтын 24 каналға, атап айтқанда, «Мешіт», «Темір», «Қызыл су», «Чинат-2», «Бозарық», «Құрала»с, «Улух», «Улух-«2, «Чумчак», «Шымкент», «Янгибай», «Текесу», «Көкбұлақ», «Қызыл сеңгі»р, «Гүлдіреуін-1», «Гүлдіреуін-2», «Гүлдіреуін-3», «Сасық -1», «Ақсай-Қарабастау», «Жаңа шек, , «Ынтымақ», «Компас, «Тоғыс, «Сасық» және 2 өзенге (Қошқар ата, Қарасу) механикалық және қолмен тазалау жұмыстары жүргізілген болатын.
Мерей Әлімбек