jasqazaq.kz

Шымкентте спорттық атудан XVI Азия чемпионаты басталды

18 тамыз 2025, 14:31

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ҚР Бас Прокуроры — Қазақстан спорттық ату федерациясының президенті Берік Асыловпен, сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналинмен бірге осы ауқымды спорттық іс-шараның ашылу салтанатына қатысты.
Қала басшысы спортшыларды, жаттықтырушылар мен қонақтарды чемпионаттың басталуымен құттықтап, ұйымдастырушыларға, спорт федерацияларына және турнирді жоғары деңгейде өткізуге күш салған азаматтарға алғысын білдірді.


Айта кетейік, қала әкімдігінің қолдауымен өткізілген чемпионатқа мәртебелі қонақтар жиналды. Олардың қатарында Халықаралық спорттық ату федерациясының президенті Лучано Росси, Азия ату конфедерациясының басшысы шейх Салман Сабах әл-Салем ас-Сабах, әлемдік спорт ұйымдарының өкілдері бар. Олардың қатысуы жарыстың жоғары мәртебесін аңғартады.


Қазіргі уақытта Федерация 800-ден астам спортшы чемпионатқа қатысатынын растады. Турнирге Бахрейн, Вьетнам, Қытай, Гонконг, Үндістан, Иран, Индонезия, Қазақстан, Қатар, Кувейт, Ливан, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Сингапур, Тәжікстан, Тайбэй, Түрікменстан, Өзбекстан, Филиппин, Оңстүстік Корея, Жапония қатысады. Оның ішінде Үндістан ең үлкен құраммен қатысады. Барлық олимпиадалық және олимпиадалық емес дисциплиналар бойынша 182 мерген тізімге енген.


Қазақстан спорттық ату федерациясының мәліметінше, турнир алдында ұлттық команда үздіксіз жаттығып, жарыс кезінде түрлі жағдайға дайын болуға қам жасаған. Ұлттық құраманың бас бапкері Ольга Довгун басты мақсат – еліміздің азиялық деңгейдегі дәрежесін нығайтып, барынша көп жүлдеге қол жеткізу.
Сөйтіп, 30 тамызға дейін Shymkent Shooting Plazа базасында 27 елден 800 спортшы «тапанша», «мылтық», «қозғалмалы нысана», «стендтік ату», «трап», «скит» және «скит-микс» бойынша жарысады. Чемпионат аясында 700-ден астам медаль ойналады. Сондай-ақ жарыс екі олимпиадалық спорт түрі бойынша өтеді: нысана көздеу және стенд ату.


Жарыстың мақсаты — атқыштар спортын насихаттау, спортшылардың шеберлігін арттыру, рейтингісін анықтау және жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру.
2024 жылғы Джакартада (Индонезия) өткен Азия біріншілігінде отандастарымыз 4 алтын, 5 күміс, 5 қола медаль жеңіп алған еді. Биылғы маусымда сол жетістікті қайталауға мүмкіндік туып отыр.

JQ-Aqparat

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті