jasqazaq.kz

Шымкентте соңғы бес жылда 105 мектеп салынды

16 маусым 2023, 15:34

Шымкент қаласында соңғы бес жылда 48 810 орындық 105 мектеп пайдалануға берілді. Оның 80 пайызы жеке инвестор есебінен салынған. Бұл туралы Астана қаласындағы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.

–Үш ауысымды мектептер саны 19-дан 3-ке, ыңғайластырылған мектеп саны 17-тен 3-ке азайды. Биыл 18 мектепті пайдалануға беріп, үш ауысымды мектеп мәселесін толығымен шешуді көздеп отырмыз. 134 мыңнан астам оқушы ыстық тамақпен, 54 мыңға жуық оқушы мектеп формасымен қамтылды. Президенттің бастамасымен «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында қалада 2026 жылға дейін 28 мың орынды 18 мектеп пайдалануға беріледі,– деді М.Әйтенов.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2 Оқушылар сарайының құрылысы басталып, оның 1-еуі биыл пайдалануға берілетіндігін, 750 орынды 5 өнер мектебінің құрылысын салу жоспарлануда екендігін атап өтті.

Соңғы екі жылда мегаполисте жеке инвесторлар тарапынан жан басына қаржыландыру есебінен 50 мектеп салынды. Яғни, білім ордалары 21 300 орынмен толықты (2021ж-21, 2022ж-29 мектеп). Алдағы уақытта тағы да 25 мектеп салуға ұсыныс берілген. Нәтижесінде, үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесін 2023 жылы, ал, сынып толымдылығы жоғары мектептер мәселесі 2025 жылы шешіледі деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен алдағы үш жыл ішінде «Жайлы мектеп» жобасы аясында елімізде 504 мектеп салу жоспарланған. Олардың құрылысына 2,6 млрд теңге бөлінуі мүмкін. «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет» жобасында жазылған еді. Мектеп құрылысына бағытталатын қаржының 500 млн теңгесі келесі жылы бөленеді. Ал қалған 2 млрд теңгеден астам қаражат 2025 жылға дейін берілмек.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі