jasqazaq.kz

Шымкентте «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылданады

22 мамыр 2023, 19:01

Шаңырақ бағдарламасына тұрғын үй кезегінде тіркелген барлық санаттағы азаматтар қатыса алады.

Шымкент қаласында мемлекеттік бағдарлама «Шаңырақ» бағыты бойынша конкурс өткізіледі. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. Аталған бағдарламаға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 23.05.2023 жылдан бастап сағат 10:00-ден 31.05.2023 жылдың 19:00-ге дейін жүргізілетін болады.

Конкурстық пәтерлер Тұран шағын ауданында орналасқан 9 қабатты тұрғын үйлерде орналасқан 1,2 және 3 бөлмелі пәтерлер. Шаңырақ бағдарламасына тұрғын үй кезегінде тіркелген барлық санаттағы азаматтар қатыса алады. Бағдарлама бойынша 10% бастапқы жарнаны толтырып, жылына 5% мөлшермен 20 жылға несие алуға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар, аталған бағыт шеңберінде тұрғын үй сатып алу барысында банк мақұлдауын алғаннан кейін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін өтінім жолдай алады. Конкурстық іріктеу мерзімі Отбасы банкпен төлем қабілеттілігін бағалау брондау мерзімі аяқталғаннан бастап 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Шымкент қаласында 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй кезегіндегі 65 отбасы арендалық баспанамен қамтылды. Оның ішінде 50 пәтер көпбалалы отбасыларға, 15 пәтер халықтың әлеуметтік әлсіз тобындағы толық емес отбасыларға, 1 және 2 топ мүгедектігі бар азаматтарға берілді.

Пайдалануға берген жаңа баспаналар 189 орамда орналасқан. Биылғы жылы тұрғын үй кезегіне санаттар бойынша тіркелген азаматтарға 324 пәтер, жастарға 888 пәтер, несиелік бағытта 2037 пәтер берілу көзделіп, оның ішінде қазіргі таңда 902 азамат 5-20-25, 2-10-20 «Бақытты отбасы» бағдарламалары бойынша қамтылды.

Шымкентте мемлекеттік жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар арқылы баспаналы болған тұрғын үй кезегіндегі 145 отбасыға тұрғын үй сертификаты берілді. Қайтарымсыз негіздегі әлеуметтік көмекті алушылар қатарында 60 көпбалалы отбасы, 13 толық емес отбасы, 68 ерекше бала асыраушы отбасы бар.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі