jasqazaq.kz

Шымкентте сервистік полиция моделі кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда

20 сәуiр 2023, 14:42

Жаңа жобамен жұмыс істеуде ҚР Ішкі істер министрлігінің тарапынан және ОБЭСЕ өкілдері арнайы сабақ өткізді.

Шымкент қаласында сервистік полиция моделі кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Ел Президенті Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауында атап өткендей, полиция қызметінің сервистік модельге көшуі – басым бағыттардың бірі.

Үшінші мегаполисте Президент тапсырмасы аясында халыққа сапалы қызмет көрсетуге және қауіпсіздік мәселелерін қоғаммен өзара серіктестікте шешуге баса көңіл бөлініп отыр. Атап айтсақ, бірінші кезеңде қала әкімінің өкімімен ведомствоаралық топ құрылды. Топ құрамына полиция өкілдері, білім, денсаулық басқармалары, әлеуметтік қорғау, әкімдік, прокуратура өкілдері енгізілді.

Пилоттық жоба ретінде криминогендік ахуалы күрделі аумақ ретінде Әл-Фараби ауданы таңдалды. Жаңа жобамен жұмыс істеуде ҚР Ішкі істер министрлігінің тарапынан және ОБЭСЕ өкілдері арнайы сабақ өткізді.

Екінші кезеңде ведомствоаралық топ Әл-Фараби ауданы бойынша анализ жасап мәліметтер жинақтады, халық арасында сауалнама жүргізіп, проблемаларды талдау, азаматтар мен полиция және басқа да мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынастың жағдайын зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Үшінші кезеңде қауіпсіздік мәселелерін жою бойынша ұсыныстар әзірленіп, мемлекеттік органдар мен басқа да мүдделі тараптар арасында жоспар түзіліп, қоғамдық қауіпсіздік бойынша бірлескен іс-шаралар атқарылды. Қорытындысында жобаның шарттары дайындалып, қаланың барлық аймақтарына таратылады.

Әл-Фараби ауданында жаңа жүйедегі жұмыс нәтижесінде 2022 жылы тіркелген қылмыстар саны 48,4%-ға (225-тен 116-ға) төмендеді. Оның ішінде ұрлық (188-бап) 47,8%-ға (97-ден 52-ге), есірткіге қатысты қылмыстар (296-бап) 45,8%-ға (24-тен 13-ке) азайды. Алдағы уақытта, сервистік полиция моделін қала бойынша енгізіледі. Осының аясында «Халық – әкімдік – полиция», «Жұртқа жақын полиция» қағидаттары бойынша бірлескен жұмыстар атқарылатын болады.

Мерей Әлімбек

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура