jasqazaq.kz

Шымкентте саз мектебінің жаңа ғимараты қолданысқа берілді

20 маусым 2023, 17:53

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қолжетімді және сапалы біліммен қамтамасыз ету мәселесін әрдайым басты назарда ұстап келеді. ҚР Президентінің 2022 жылғы қарашада бекітілген «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында да білім саласына басымдық берген. Іс-қимыл жоспарында Мемлекет басшысы балаларға арналған 50 сауықтыру лагерін ашу, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін кемінде 100 жаңа ірі объекті салу жөнінде жергілікті басқару органдарына тапсырма берді. Оның ішінде оқушылар сарайы, жас техниктер станциясы, балалар технопаркі, музыка және көркемсурет мектептері сынды нысандарды салу мәселесі көтерілген.

Шымкентте сапалы білім беруді қамтамасыз етуде жаңа модификацияланған кабинеттермен қамту қарқынды өсіп жатыр. Қаладағы 141 мектепке 320 интерактивті панель орнатылыпты. Нәтижесінде пәндік кабинеттердің үлесі 72 пайыздан 85 пайызға өскен. Ал, білім ұйымдары аумағында соңғы үлгідегі спорт алаңшаларымен қамту биыл 100% ға аяқталады. Қаладағы үш ауысымда білім беретін №65, №8, №45 мектептердің қосымша құрылыс жұмыстары жаңа оқу жылына аяқталып, пайдалануға беріледі. Үш ауысымды мектеп мәселесі биыл толық шешімін табатын болады. Сондай-ақ, білім ұйымдарында цифрландыру қарқыны артқан. Айта кетейік, интернетпен қамту талаптары кемінде 20 мб/с. Бүгінде қаланың жүз мектебінде интернет жылдамдығы 100 мб/с дейін өсті.

Шымкент қаласында қала күніне орай, жаңадан Балалар саз мектебі ашылды. Ашылу салтанатында қала әкімі Мұрат Әйтенов құттықтау сөз сөйлеп, балалар шығармашылығына өркендеу, ал саз мектебінің ұжымына сәттілік тіледі.

Саз мектебінде балалар мектептен тыс қосымша білімдерін жетілдіріп, тұла бойындағы ерекше қабілеттерін шыңдай алады. Мәселен, мұнда оркестрге арналған ұлттық саз аспаптар, үрмелі аспаптар класы бар. Атап айтсақ, домбыра, қобыз, саксофон, флейта, рубаб кластарымен бірге фортепиано, хореграфия, вокал, көркемсурет, хор орындау — бұлар қаламыздағы мектеп оқушыларын әр қырынан толықтай ашады. Үш қабатты ғимараттың техникалық жабдықталу жағы жоғары сапада жасалған, мұндағы музыкалық аспаптар арнайы Германия зауытынан тапсырыспен алынған. Би өнеріне арналған кең, ауқымды залы 150 шаршы метрді құрайды.

Аталған саз мектебі 1958 жылы іргетасы қаланған бұрынғы музыкалық мектебенінің негізінде қайтадан тұрғызылды. Жаңа ғимаратта қазір 1 164 бала музыкалық білім алады. Қыркүйек айынан бастап тағы 500 оқушыны қабылдау жоспарланған. Сондай-ақ, балаларға білікті, академиялық консерваториялық білімі бар кәсіби мамандар сабақ береді. Мектеп түлектері халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық конкурстардың жеңімпаздары.

Мерей Әлімбек

31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам
31 наурыз, 14:23
Есірткі кеселімен күрес – ортақ міндет
31 наурыз, 14:14
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – басым бағыттың бірі
30 наурыз, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері
27 наурыз, 20:32
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр