jasqazaq.kz

Шымкентте сапалы жолдардың үлесі артып жатыр

30 маусым 2023, 14:40

ҚР Президенті Қ.Тоқаев халыққа Жолдауында «Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек» деген болатын. Шымкент қаласында соңғы бес жылда 900 шақырым жол жөндеуден өтіп, жақсы және қанағаттанарлық жолдың үлесі артып келеді.

Бүгінде шаһарда Ташкент — Алматы бағытында қаланы айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Әкімдік таратқан ақпаратта қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған нысанда болып, жұмыстардың барысын тексергені жазылған. Жобаға сәйкес, Ташкент-Алматы күре жолы республикалық маңызға ие жолдың бірі.Жоба бойынша 31 шақырым жол 8 кезеңмен жөнделуі бекітілген. Ал, А-2 айналма тас жолының 4 кезеңі Темірлан тас жолынан Бадам өзеніндегі көпірге дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы ұзындығы 1,86 шақырымды құрайтын автомобиль жолының ені 35,5 метр, 6 жолақты. Жоспар бойынша жолдың екі жағынан да арық, жасыл аймақ, тратуар салу жоспарлануда.

А-2 айналма тас жолын қайта құру жұмыстары осыған дейін 65% пайызға орындалды. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс жұмыстарын талапқа сай жүргізіп, өндірістік кестеге сай нысанды биыл қолданысқа беруді тапсырды. Айта кетейік, Шымкент қаласында 350 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылды. Қалада қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыру мақсатында көшелерде жол таңбаларын жаңарту, бағдаршам, жол белгілері мен жасанды жол кедергілерін орнату, жаяу жүргіншілер өткелдері мен оң жақ өткелдер салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жыл басынан бері белгіленген аумақтарға 1079 жол белгісі орнатылып, 220-сы жаңаланды, қажеттілігі бар аумақтарға 10 бағдаршам қойылды. Жыл соңына дейін тағы 4 мың дана жол белгісін орнату жоспарлануда. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар орындарда жол қауіпсіздігін қамту мақсатында 400 метр жасанды жол кедергілері орнатылды. Көлік қозғалысына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында Назарбеков — Бәйтереков көшелері қиылысында, Кеңжарық — Патеев көшелерінде, Бәйдібек би даңғылы, Тұран шағын ауданына бұрылыста оң жақ өткелдер құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Сондай-ақ, Алаш, Бекжан базарлары маңында, Темірлан тас жолы мен А-2 айналма жолында 3 жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің құрылыс жұмыстары атқарылуда.

Мерей Әлімбек

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде