jasqazaq.kz

Шымкентте сәбіз өсірудің жаңа технологиясы енгізілген

19 маусым 2023, 9:59

Шымкент қаласында жылдан жылға өндіріс орындары мен әлеуметтік нысан құрылыстарының көптеп салынуынан егіс алқабының көлемі қысқарып келеді. 2018 жылы Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесін алған кезде ауыл шаруашылығы жерлері 64 мың гектар болса, бүгінгі таңда 27 мың гектарға азайып отыр. Десек те, қала маңында дәнді-дақыл, майлы дақыл, мал азықтық дақылдар, көкөніс, жеміс-жидек және бақша өнімдерін өсіру бағыты кенжелеп қалған жоқ. Шымкенттің топырағы саздауыт болғанымен, күннің жылылығы саладағы тірлікті жандандыруға күш береді.

Оңтүстік-батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор Досымбек Сыдықтың айтуынша, қазіргі уақытта жергілікті ерекшеліктеріне сай ауыл шаруашылығы өндірісінің белгілі бір түріне маманданған бірнеше аймақ бар. Біздің Шымкент қаласы көкөніс өсіруге ыңғайланған аймаққа жатады екен. Қала маңындағы жерлерге көкөніс өсіруде ғылым тәжірибелерді қолданысқа енгізу барысында шаруалар мен ғаламдар бірлесе жұмыс атқаруының арқасында салаға көптеген жаңалықтар енгізілуде.

Атап айтсақ, шаһардағы ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері және Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты өкілдерінің қатысуымен «Шымкент қаласының жасыл белдеуінің сұр топырақтарында сәбізді аулада өсіру технологиясын енгізу» жобасы қолға алынған.

Жиынның мақсаты – Шымкенттің жасыл белдеуінің сұр топырақтарында сәбіздің қарқынды сорттарын өсірудің тарақты технологиясын енгізу, тамшылатып суғару әдісін қолдану, экологиялық таза өнім алу және тұрғындардың өзін-өзі жұмыспен қамту.

Шымкент қаласы ауылшарушылық және ветеринария басқармасының дерегінше, қаладағы жеке тұрғын үй телімдерінің 60%-да іргелік жерлері бар екен. Сол жерлерге инновациялық тәжірибені қолдана отырып, сәбіз егу арқылы отбасылық кәсіпті жүзеге асыруға да болатынын алға тартты. Себебі асханалық сәбіз – құрамында дәрумені бар жетекші көкөніс дақылы ғана емес, техникалық дақыл ретінде де экономикалық маңызға ие.

Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жаңа технологияны «BES-TULIK» шаруақожалығына енгізуді көздеп отыр. Демек, ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру және жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға мүмкіндік туады.

Мерей Әлімбек

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде