jasqazaq.kz

Шымкентте республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

14 сәуiр 2023, 11:08

Конференция барысында студенттер өз ғылыми жобаларын қорғады.

Шымкент қаласында 12 сәуір — ғылым қызметкерлерінің күніне орай, Тәшенов университетінде «Жастар және ғылым – 2023» атты жас ғалымдар мен студенттер арасындағы екі күндік республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Ғылымға қызығушылық танытатын студенттерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған бұл конференцияға Тәшенов университетінің белсенді студенттері қатысты.

Конференция барысында студенттер өз ғылыми жобаларын қорғап, түрлі тақырыптарда зерттеу еңбектерін ұсынған. Конференцияның екінші күні шығармашылық идеялармен жалғасын тапты. Тәшенов университетінің студенттері мен оқытушыларының жұмысын көрсететін «Шығармашылық идеялар» фестивалінде қатысушылар ұлттық топтамалар мен кешкі жиындарға арналаған киімдер, балаларға арналған этностильдегі киімдер үлгісінен дефиле көрсетілді.

Университеттегі халықаралық байқаулардың жеңімпаз әншілері мен талантты студенттері өз өнерлерін ортаға салды. Екі күнге созылған конференция қортындыланып, жеңімпаздарды марапатталды.

Айта кетейік, 12-сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш президенті, көрнекті ғалым, геолог Қаныш Сәтбаевтың туған күні. Бұл күн осылайша ғылым қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне айналып отыр.

Бүгінде еліміздегі ғылым саласының әлеуеті зор. Мәселен, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының коронавирусқа қарсы әзірлеген вакцинасын ерекше атап өтуге болады.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жан-жақты қолдауының арқасында ғылым саласында оң өзгерістер орын алып жатыр. Атап айтатын болсақ, ғылымды республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі соңғы екі жылда шамамен екі есеге артқан. 2025 жылға қарай ғылымды қаржыландыру көлемін жалпы ішкі өнімнің 1% дейін ұлғайту жоспарланған. Бұл – отандық ғылымның дамуына үлкен серпін берері сөзсіз.

Мерей Әлімбек

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура