jasqazaq.kz

Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда

20 тамыз 2025, 13:45

Шымкенттегі TEN QOGAM әлеуметтік қолдау орталығында «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» (ОТҚ) жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында «Қазақстан халқына» қоры 576 970 941 теңге сомасына инновациялық техникалық оңалту құралдарының бірнеше түрін (көпфункционалды арбалар, вертикализаторлар, жаяу жүргіншілер, тренажер) алып берген. Оңалту құралдарымен мүмкіндігі шектеулі балаларға олардың қабілеттерін бағалау жүргізіледі және оңалтудың техникалық құралдарын жеке іріктеу іске асырылады. Бұл жоба үй жағдайында оңалту процедураларын жалғастыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК Шымкент қалалық филиалы оңалтудың техникалық құралдарын таңдау бөлімінің директоры Салтанат Ибраева үй жағдайында оңалтудың қыр-сырымен бөлісті.


– Жобаның мақсаты – тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды үй жағдайында оңалту, денсаулығын жақсарту. Қазақстанда бұрын-соңды болмаған жоба. Бір жыл бойы осы жобаның тиімділігін көрдік. Отыра алмайтын бала отырды, басын ұстай алмайтындар ұстады. Тіпті, алғашқы қадамдарын жасап, жобадан толық шығып кеткендері де бар. Тірек-қимыл аппараты бұзылған, үй жағдайында оңалтуды қажет ететін 1-18 жас аралығындағы балаларды қабылдаймыз.
Жоба Павлодар, Қызылорда, Семей және Шымкент қаласында, 4 өңірде атқарылып жатыр. 2024 жылдың 4 қыркүйегінде ең алғашқы науқасты қабылдадық. Ол бар-жоғы 6 ай вертикализатор пайдаланды. Бірінші 4 ай, қосымша тағы 2 ай уақыт бердік. Толығымен орнынан тұрып, өздігімен алғашқы қадамдарын жасай бастады. Шымкент қалалық филиалымызда бүгінгі күнге дейін жалпы 126 балаға қызмет көрсетілді. Оның ішінде 88-і үй жағдайында оңалтудан өтіп жатыр. 17 баланың денсаулығына байланысты уақытша тоқтатылды. 4 баламыз өздігімен толық өз аяғымен жүріп, жобадан мүлдем шықты.
«Қазақстан халқына» қоры тарапынан орталыққа 202 инновациялық құрылғы алынды. Оның 197-сі – көпфункционалды арба, 19-ы тренажер.
Балалар бізге мүгедектігі бойынша қайта куәландырудан өтеді. Сол жерде ата-анасына 1414-тен біздің орталықтың мекенжайы мен байланыс нөмірі көрсетілген смс барады. Сол смс арқылы пациент бізге келеді. Мүгедектер күніне арнайы ашық есік күнін жариялаған болатынбыз. Сол кезде де 45 баланы қабылдадық, — дейді Салтанат Қайратқызы.

Мөлдір Кенжебай,
Шымкент қаласы

23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции