
Шымкенттің теміржол вокзалында төтенше жағдай болды.
ҚазАқпарат хабарла5андай 16 желтоқсан күні сағат 17-00-дер шамасында күш-қуат құрылымдарына Алматы-Маңғышлақ бағытында жылжып бара жатқан жолаушылар пойызының вагондарының бірінде радиоактивті зат бар екені жөнінде хабар түскен. Осы хабардан соң Шымкен станциясына терроризмга қарсы күрес қызметкерлері жөнелтіліп, пойыз тоқатылып, тексерілді. Расымен де вагондардың бірінде, радиация деңгейі жоғары жәшіктер табылды. Бұл туралы TVK-ға күш-қуат құрылымдарындағы дерекөздердің бірі хабарлады. Осы оқиғадан соң вагон қосымша жол бағытына ауыстырылды. Пойыздың өзі жолға шықты.