jasqazaq.kz

Шымкентте отбасы құндылықтары дәріптелді

17 мамыр 2023, 12:08

Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында отбасы мәселесіне ерекше тоқталып өткен болатын. Отбасы құндылықтарды нығайту үшін жергілікті жерлерде түрті институттар белсенді жұмыс істеп, берік жанұя қалыптасуына ықпал етуде.

Шымкент қаласында халықаралық отбасы күні мерекесіне орай «Отбасым – Отанымның тірегі» атты форум ұйымдастырылды. Аталған форумға қатысқан қала әкімі отбасы құндылықтарының маңфзф жайлы ойларымен бөлісті.

–Отбасы құндылықтары кез келген қоғам үшін шын мәнінде айрықша мәнге ие. Халқымыз «Отан отбасыдан басталады» деген сөзді текке айтпаған. Әрбір отбасының тіршілігі баянды, іргесі берік болып тұрса, бұл мемлекеттің де еңсесінің тік, шаңырағының биік болуына себепші екені аян. Осы орайда Шымкент қаласында алғаш рет ұйымдастырылып отырған Отбасы форумының маңызы ерекше. Бұл форум қоғамда отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы институтын қолдау мен нығайтуда үлкен рөл атқарады деп сенеміз, — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Оның айтуынша, бұл форумды жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыру жоспарланған.

Шаһар басшысының айтуынша, форум – отбасы институтына қатысты проблемаларды ашық талқылайтын, аға буынның үлгі-өнегесі мен жастардың тәрбиесіне қатысты құнды пікірлер мен салиқалы ойлар ортаға салынатын қоғамдық диалог алаңына айнала алады.

М.Әйтенов осыдан бірнеше жыл бұрын біз республикада алғашқы болып «Шымкент жастар лигасы» атты бірегей жобаны бастағанын, сол жоба сәтті жүзеге асып, мектеп оқушыларының, мұғалімдер мен ата-аналардың үлкен қолдауына ие болғанын, дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан турнир арқылы жастардың бұқаралық спортқа деген қызығушылығы артқанын атап өтті.

–Бүгін басталып отырған форум да сондай қоғамдық қолдауға ие болып, отбасы құндылықтарына бүкіл қоғамның назарын аударады деген ойдамыз. Форум аясындағы жұмыс жалғасын тауып, жылдың соңына қарай Шымкенттің үздік отбасыларын анықтап, оларды «Үздік отбасы» премиясымен марапаттаймыз. Бұл бастама жастарды өнегелі отбасы құруға ынталандырады деген ойдамыз, — деді М.Әйтенов.

«Отбасым – Отанымның тірегі» атты форумда мемлекет және қоғам қайраткерлері, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының лауреаттары, «Алтын алқамен» марапатталған аналар және мәдениет саласының майталмандары сөз алып, отбасы жарасымдылығын сақтау, ажырасулардың алдын алу және жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру жөніндегі бағалы ойлары мен ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Шымкент қаласының әкімдігі осындай форумды алдағы уақытта тұрақты түрде ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Мерей Әлімбек

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде