jasqazaq.kz

Шымкентте орталықтардың қатары көбейеді

06 сәуiр 2023, 11:08

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының дерегінше, Шымкентте қазір психоневрологиялық дертке шалдыққан және аутизммен ауыратын 220 бала тіркелген. Алдағы уақытта «Қамқорлық» орталығында 110 бала екі ауысымда жарты күн әлеуметтік қызмет алу мүмкіндігі бар. Қазірдің өзінде 40 бала ем қабылдап жатыр.
— «Қамқорлық» орталығы аты айтып тұрғандай 18 жасқа дейін балаларға өз есігін қамқорлықпен ашады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ашылған мекеме «Қазақстан халқына қоры», «Самырұқ-Қазына» АҚ-ы және «Қамқорлық қорының» демеушілігімен Финляндия, Жапония, АҚШ және Австрия елдерінің құрылғы жиынтығымен жабдықталды. Бұған дейін балалар өзге орталықтарда 3 ай ғана әлеуметтік қызмет алатын. Енді олар осында мамандардан ем алып, қосымша біліммен қамтылады. Біз қаламыздағы барлық ерекше балаларды осындай орталықпен қамту үшін алдағы уақытта тағы бір ғимараттың құрылысын жоспарлап отырмыз,- деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.
Орталық психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсетеді. Қызмет алушы балалар үшін проекциялық интерактивті сенсорлық бөлме, сенсорлық-интеграциялық бөлмелері, емдік дене шынықтыру залы, робототехника және лего кабинеті, музыка-терапия, арт-терапия бөлмелері мен тігін, ағаш, қыш шеберханалары қарастырылған. «Қамқорлық қоры» корпаритивті қорының директоры Арайлым Еркінованың айтуынша, дәл осындай орталық биыл тағы жеті өңірде де өз жұмысын бастамақ.
–Көптеген отбасы үшін білікті мамандардың көмегі қолжетімді емес немесе ақысы тым қымбат. Мұндай мәселе ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін өзекті болып келді. «Қамқорлық» орталығының ашылуы аутизмнің ауыр түрлерімен ауыратын балаларға ұзақ мерзімді көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Осы мәселені жүзеге асыруға біздің қорды «Қазақстан халқына» және «Самырұқ қазына» қорлары қолдап, орталықтарды жарақтандыруды қаржыландырды. Биыл өзге өңірлерде де тағы осындай орталықтардың ашылуы жоспарланып отыр. Олар – Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Жамбыл, Қостанай және Павлодар облыстары, — деді А.Еркінова.
Еске салсақ, ерекше балаларға 18 жасқа дейін қызмет көрсететін «Қамқорлық» орталығы елімізде алғаш болып Шымкент қаласында ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның өкілі Ғибрат Ауғанов, «Samruk-Kazyna Trust» қоры бас директорының орынбасары Серғожа Қалиасқаров, «Қамқорлық қоры» қорының директоры Арайлым Еркінова қатысты.
Іс-шара қонақтары ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған орталықтың жұмысымен толық танысып, балалардың ата-аналарымен тілдесті. Оңалту ісі бойынша ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
— Ерекше балаларға арналған емдеу орталығын ашуда ең үлкен мәселе – жергілікті әкімдіктің арнайы ғимарат дайындап беруі. Үлкен әрі балалармен жұмыс жүргізуге ыңғайлы ғимарат салып берген Шымкент қаласының әкімдігіне алғыс білдіреміз. Биыл елімізде осындай 8 орталық өз жұмысын бастайды. Бұл орталық алғашқы болып Шымкент қаласында ашылып отыр. Осы орталықта 1,5-18 жасқа дейінгі балалар күніне 4 сағат тегін оңалту қызметін алады. Шымкент қаласы әкімдігі қолдау білдіріп, ғимаратпен қамтамасыз етсе, біз тағы бір орталық ашуға дайынбыз, — деді «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Б.Жәмішев.

Мерей Әлімбек

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата