jasqazaq.kz

Шымкентте омарта шаруашылығының өрісі кеңейді

23 маусым 2023, 12:20

Шымкентте жылына 250 тонна бал өндіретін омарта кооперативі бар. Өткен жылы бал өндіретін 13 шаруашылық бірігіп «BEE-PROM» кооперативін құрған. Шаруашылықтардың кооперативтерге бірігуі біріншіден, олардың мемлекеттік қолдауға қол жеткізуіне жол ашса, екіншіден, шаруашылық тамырына қан жүгіріп, өнімдерін экспорттауға мүмкіндік алады. Бүгінде кооператив құрамында 8000-ға жуық бал ара ұясы бар. Оның ең ірісі — «Нормухамедов» шаруа қожалығы. Бүгінгі таңда 13 адамды жұмыспен қамтып отырған шаруашылық асыл тұқымды «Карника» арасын селекциялық асылдандыру арқылы өнім өндіруде.

Мемлекет тарапынан «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасына сәйкес, бал араларының селекциялық асылдандыру жұмыстары 2018 жылдан бері субсидяланып келеді. Аталған қолдаудың нәтижесінде биыл шаруа иелігі кеңейіп, қосымша ара балын құю, қаптау қондырғыларын орнатып, өндірілген өнімдерін Ресей, Араб елдеріне экспорттап жатыр. Өткен 2022 жылы шаруа қожалығы мемлекеттен 12,5 миллион теңге субсидия алып, бал арасын асылдандыру ісін жүргізген.

Бір бал арасы ұясын асылдандыру үшін мемлекет омарташыға бес мың теңге субсидия береді. Бұл көктен алынған цифр емес, мұндай Премьер-министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығында көрсетілген.

Десек те, аталмыш субсидияны алудың да өз талабы бар. Ол қандай дейсіз бе? Ендеше қараңыз: жоғарыда аталған ережеге сәйкес, субсидия алу үшін есепті жылдың бірінші қаңтарында омарташының кемінде 10 бал арасы ұясы болуы керек. Шаруашылықтардың өтінімдері ақпараттық аналитикалық жүйеге енгізіледі.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі