jasqazaq.kz

Шымкентте оқу курсын аяқтаған 200-ден астам көпбалалы ана жеке кәсіппен айналысып жатыр

16 маусым 2023, 16:08

Аз қамтылған көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында орталықта ақпараттық, психологиялық, медиаторлық, құқықтық қызметтер де көрсетіледі. Мұнда Еqov.kz порталы арқылы көрсетілетін электронды қызмет түрлерін меңгеруге де жағдай жасалған.

Бүгінде түрлі кәсіпті дөңгелетіп отырған 200-ден астам көпбалалы ана осыған дейін аз қамтылған отбасылар санатында атаулы әлеуметтік көмек алып келген. Қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Бақытты жанұя» орталығында оқу курсын аяқтаған соң үй жағдайында түрлі кәсіппен айналысып, табыс табуда. Тіпті курстан өткен 60-тан астам қыз-келіншек сұлулық салонын, тігін шеберханасын, массаж кабинетін ашып, бүгінде тұрмыстарын түзеген.

«Бақытты жанұя» орталығында 14 тегін курс ұйымдастырылған. Бағдарлама қатысушылары дефектолог, логопед, массаж, киім пішу, тігу, құрақ құрау, кондитерлік, шаштараз, маникюр-педикюр, компьютерлік, SMM курстарынан өтуде. Оқу курстарынан кейін сертификат иелері жұмыспен қамту шараларына қатыстырылады. Сондай-ақ аз қамтылған көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында орталықта ақпараттық, психологиялық, медиаторлық, құқықтық қызметтер де көрсетіледі. Мұнда Еqov.kz порталы арқылы көрсетілетін электронды қызмет түрлерін меңгеруге де жағдай жасалған.

Орталық мамандары қалалық тұрғын үй басқармасы және «Отбасы банк» АҚ қызметкерлерімен бірлесе 200-ден астам азаматшаның арнайы санаттар бойынша пәтер кезегіне тіркелуіне, 30-ға жуық отбасының мемлекеттік бағдарламалар аясында баспаналы болуына ұйытқы болған. Сондай-ақ орталықта жыл басынан бері өмірлік қиын жағдайға тап болған 800-ден астам азаматшаға психологиялық-құқықтық көмек көрсетілген.

Мемлекет басшысы өңірлерде 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын құруды тапсырған болатын. Бұл бағытта қазір қалада тиісті кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Халықты жұмыспен қамту шараларына биыл 57 мың адам жоспарланып, оның 42 мыңын тұрақты жұмыспен қамту жоспарлануда. Жыл басынан мегаполисте 14 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Соңғы жылдары қалада жұмыспен қамту шаралары күшейтіліп отыр. Осының нәтижесінде әлеуметтік көмек алушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға азайып, 10 794 отбасын құрады.

Биылғы жылы қалада өңдеу өнеркәсібінде 300-ге жуық жаңа жұмыс орнын құрумен 14 жоба іске асырылып, 14 миллиард теңге инвестиция тартылатын болады.

Мерей Әлімбек

23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции