
Шымкентте жолаушыларға лық толы Газель мен автобус соғысты. Жол апаты кешкі сағат 19:00 шамасында болған. Тәуке хан даңғылы мен Аймауытов көшесінің қиылысында №93 бағытта жүрген автобус пен №77 бағыттың шағын автобусы соғысты. Іштерінде адам толы болған.
Өзге де куәлердің айтуынша, екі көлік соғысқан сәтте шағын автобустың терезесінен адамдар сыртқа құлаған. Қазір жол апатының орнында полиция анықтаушылары мен жедел жәрдем дәрігерлері жұмыс істеуде.
