jasqazaq.kz

Шымкентте мыңдаған әскери қызметшінің даярлығы бағаланды

26 сәуiр 2023, 9:39

Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасында қысқы оқу кезеңіндегі жауынгерлік даярлық деңгейін анықтау үшін бақылау тексерісін тапсыру аяқталды. Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Іс-шара барысында мыңдаған әскери қызметшілер бағаланды. Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әскери бөлімнің бөлімшелері штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы меңгерудің лайықты іскерлік деңгейі мен дағдыларын көрсетті. Атап айтқанда мотоатқыштар, танк, артиллерия, инженерлік бөлімшелердің әскери қызметшілері штаттық қару-жарақ пен атыс қаруынан бақылау ату жаттығуларын орындады. Сондай-ақ, арнайы, тактикалық, техникалық, инженерлік дайындық, радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және техниканы жүргізу бойынша нормативтерді орындады.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының арнайы комиссиясы әрбір әскери қызметшінің жауынгерлік дағдыларының деңгейін және бөлімшелердің үйлесімділігін, жауынгерлік кезекшіліктің жай-күйін, қару-жарақ пен әскери техниканың техникалық жай-күйін бағалады. Бақылау сабақтары, командалық-штабтық жаттығулар және тактикалық жаттығулар барысында барлық дәрежелі командирлердің бөлімшелерді басқару барысында әр-түрлі шешімдер қабылдау қабілетін де бағаланды.

Айта кетейік, Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің борышын аяқталуына арналған салтанатты рәсім өтті. Еліміздің үш аймағынан шақырылған және белгіленген мерзімде қызмет еткен 120 сарбаз әскери оркестрдің әуенімен жауынгерлік тумен қоштасу үшін бригаданың саптық алаңында екі қатарға сап түзеді. Жан-жақты кәсіби дағдыларға ие болған шыныққан сарбаздарға грамоталар, естелік сыйлықтар және оқу-жауынгерлік міндеттерін сапалы орындағаны үшін фотоальбомдар табысталды.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі