jasqazaq.kz

Шымкентте мүгедектігі бар балаларға арналған орталық күрделі жөндеуден өтуде

28 шiлде 2025, 17:21

Мемлекет мүгедектігі бар балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға, олардың дамуына, қоғамға бейімделуіне барлық жағдай жасауды басты міндеттердің бірі ретінде қарастырады. Соның бір айғағы — Шымкент қаласындағы № 6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында жүргізіліп жатқан ауқымды күрделі жөндеу жұмыстары. Бұл орталықта психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға әлеуметтік, медициналық және психологиялық қолдау көрсетіледі.

2024 жылдың маусым айында басталған жөндеу жұмыстары бүгінде 70 пайызға аяқталды. Құрылыс қарқыны жоғары. 140 орынға арналған бұл нысан – екі қабатты төрт блоктан тұрады. Жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін, мекемеде арнайы жабдықталған кабинеттер саны едәуір артып, қызмет көрсету мүмкіндіктері кеңейеді. Нәтижесінде 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға ұсынылатын қызмет сапасы жаңа деңгейге көтеріледі.

Қазіргі таңда ғимараттың ішкі әрлеу және инженерлік жүйелерін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жөндеу барысы толық бақылауға алынған. Жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Бұл дегеніміз – жақын болашақта ерекше балаларға арналған заманауи, жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптасады деген сөз.

Мұндай орталықтар – жай ғана мекеме емес, бұл – ерекше қажеттілігі бар балалар үшін екінші үй, оларды түсініп, қолдап, қоғамға бейімдейтін орта. Мұнда тек медициналық қызмет қана емес, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік бейімдеу де жан-жақты жүргізіледі. Сондықтан мекеменің техникалық жағдайын жақсарту – бұл тікелей балалардың болашағына салынған инвестиция.

Айта кету керек, бүгінде Шымкент қаласында денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерін жаңғырту бағытында жүйелі жұмыстар қолға алынған. 2025 жылға дейін қаладағы бірнеше медициналық және әлеуметтік нысан толықтай күрделі жөндеуден өтеді. Бұл ретте мемлекет тек ғимараттарды жаңартумен шектелмей, олардың материалдық-техникалық базасын заманауи стандарттарға сәйкестендіруге де ерекше мән беріп отыр.

Мүгедектігі бар балаларға қолдау көрсету – тек әлеуметтік саясаттың бір бөлігі емес, бұл – қоғамның адамгершілік деңгейін айқындайтын басты өлшем. Шымкенттегі бұл оң бастама – еліміздің ерекше жандарға бей-жай қарамайтынын, керісінше олардың қажеттілігін бірінші кезекке қоятынын дәлелдейді.

Бибайша Нұржанқызы, 

Шымкент 

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды