jasqazaq.kz

Танымалдылығын пайдаланды: Шымкентте мұғалімнен ірі көлемде ақша бопсалаған блогер ұсталды (Видео)

21 сәуiр 2025, 11:48

Қаладағы мектептердің бірінің өкілінің арызы бойынша полиция департаментінің қызметкерлерімен ірі көлемде ақша бопсалаған күдікті азамат С. ұсталды. Бұл туралы Шымкент қаласының полиция департаменті хабарлады. 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті өзінің медиа танымалдылығын пайдаланып, жағымсыз ақпаратты жариялаймын деп қорқытып, 1,2 миллион теңге талап еткен.

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция ескертеді: қандай да бір қысым көрсету, қорқыту және бопсалау әрекеттері қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Азаматтарды мұндай жағдайда бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырамыз.

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі