jasqazaq.kz

Шымкентте «Мейірім-жүректен» атты айлығы өтеді

07 мамыр 2023, 11:29

Аталған іс-шара 25 сәуір мен 25 мамыр күндері аралығында өтеді.

Шымкент қалалық прокуратурасы мен білім басқармасының «Мейірім-жүректен» атты бірлескен айлық жоспары бекітілді. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Тәжиева Жанат Арысбекқызы брифинг барысында мәлімдеді. Іс-шара 25 сәуір мен 25 мамыр күндері аралығында өтеді.

Аталған шараның мақсаты — жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың профилактикасы, сондай-ақ өзіне-өзі қол жұмсау фактілерін болдырмау және өмір қауіпсіздігін сақтау.

Бүгінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында 7 бағытты қамтитын кешенді іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Комиссияның құрамында 56 мүше бар. Олар ата-ана құқығынан айыру, бейімдеу немесе девиантты балалар орталығына жіберу, кешкі мектепке орналастыру және білім беру ұйымдарының есебін тыңдау негізінде жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының білім беру ұйымдарында 320-дан астам тәрбие жөніндегі орынбасар, 170-ке жуық әлеуметтік педагог және 270-ке жуық педагог-психолог қызмет атқаруда.

Барлық білім беру ұйымдарында медиация кабинеттері ашылған және тәрбие жұмысын дамыту мақсатында «Ата-аналар академиясы» бекітілген. Ал, басқарма жанынан психологиялық-педагогикалық қызмет, тәрбие беру орталықтары құрылып, жұмыс атқаруда.

Қазіргі таңда қаламыздағы білім беру ошақтарында «Әкелер мектебі», «Аналар/әжелер мектебі», «Ұлдар клубы» мен «Қыздар клубы» сынды ұйымдар жұмыс істейді. Сондай-ақ, «Үштік одақ», «Оқуға құштар мектеп», «Мектеп Парламенті» «Өзін-өзі басқару», «Дебаттық қозғалыс» сияқты тәрбиелік мәні бар жобалар іске асырылуда. Мектеп қабырғасындағы бұл жобалардың бірі сыни ойлау дағдыларын қалыптастырса, енді бірі көркем әдебиетке қызығушылықты оятады. Ал, ең бастысы ата-ана мен оқушы-мектеп байланысын арттыруға айтарлықтай үлес қосады. Сонымен қатар, «Adal urpaq» және «Sanaly urpaq» еріктілер клубтары білім алушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке тәрбиелеуге бағыттайды.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі