jasqazaq.kz

Шымкентте масаға қарсы залаласыздандыру жұмыстары басталды

05 маусым 2024, 12:13

Шымшаһарда биыл масаға қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге 101 109,7 мың теңге қаржы бөлінді.

Бұл жұмыс жылына 4 рет, яғни маусым, шілде, тамыз, қыркүйек айларында үздіксіз жүргізіледі. Дегенмен ауа-райы қолайсыздығына қарай өзгеруі де мүмкін.

Шаһарда 1 355 200 шаршы метр өзен-каналдар, су қоймасы аумағын, 2 377 495 шаршы метр саябақтар аумағын, 1 223 666 шаршы метр гүлзар мен аллеялар аумағын залалсыздандыру жоспарланған.

Қаладағы 45 гүлзар мен аллеягның жалпы көлемі — 1 223 666 шаршы метр, 12 саябақтың аумағы — 2 377 495 шаршы метр. 35 өзен мен канал, 2 су қоймасы (1355 200 ш.м) бар.

Жоспарға сәйкес, масаға қарсы залалсыздандыру жұмыстарының 3 маусымда басталған алғашқы кезеңі 13 маусымға дейін жалғасады. Бүгінгі күні жалпы аумағы 117 гектар «Дендросаябақ» аумағында масаға қарсы залалсыздандыру жұмысы жүріп жатыр.
Аталған жұмыстарды мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жеңімпаз болып танылған «SATTI TULIK» ЖШС жүзеге асыруда.
Жеке үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың иелері өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі