jasqazaq.kz

Шымкентте мал басы көбейіп келеді

31 тамыз 2023, 11:17

Шымкент қаласында мал шаруашылығы саласында қарқынды даму бар. Атап айтсақ, сала мамандары ірі қара мал саны – 67,3 мыңнан, қой, ешкі — 80,7 мыңнан, жылқы — 10,8 мыңнан, құс — 807,6 мыңнан асты деп отыр. Бұл мал шаруашылығында өнімділіктің 6 пайызға өсіп, 4,5 мың тонна ет, 31,3 мың тонна сүт, 118,1 млн. дана жұмыртқа өндірілуіне негіз болған.

Шымкент қалалық ауыл шаруашылық және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыровтың айуынша, салаға қатысты тауар өндірушілеріне мал шаруашылығын қолдау мақсатында түрлі игі-шаралар қолға алынған. Мысалы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Шымкент қаласы бойынша филиалы 17 жобаға 428 280 мың теңге жеңілдетілген несие қаражатын беріп отыр.

Мегаполистің агроөнеркәсіптік секторына инвестор тарту ісінде де ілгерілеушілік бар. Жақында ғана басқарма басшысы шымкенттік делегация құрамында Қытай елінде бірқатар іскерлік кездесулерге қатысып, келіссөздер жасасып қайтты. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында қытайлық инвестор – «Furui Deliang» Үрімші Сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС-нің Қытай-Қазақстан тамақ өнеркәсібі кәсіпкерлері қауымдастығының атқарушы директоры Чжан Синьчжэ мырзамен өткен іскерлік кездесудің шымкенттіктер үшін нәтиже беретін күні алыс емес. Кездесу барысында басқарма басшысы инвесторды құс шаруашылығындағы қалдықтарды қайта өңдеу арқылы экологиялық таза құнарлы егістікке қолданылатын жоғары тиімді органикалық тыңайтқыштарды дайындау жобасы екі тарапты да қызықтырғанын айтады. Бұл Шымкент қаласы үшін ғана емес, еліміз үшін де тиімді жоба болмақ. Қала аумағында арнайы қайта өңдейтін цех құрудың тиімділігі жоғары. Іскерлік кездесуге «Шымкент құс» ЖШС-нің директоры Айдар Досболов та қатысқан. Алдағы уақытта біріге жұмыс істеу үшін экономикалық тиімділік көрсеткіштері туралы бірқатар мәселелерді талқылаған.

Қытай Халық Республикасында болған сапары аясында басқарма басшысы Нанкин қаласындағы жылыжай, суару жүйесі, тыңайтқыштар, ет өндірісі саласындағы кәсіпкерлермен де кездесіп, тәжірибе алмасты. «Мысалы, «Jiangsu AgrioCom Iot Co.» компаниясы орнатқан суару жүйесімен танысу үшін «Zhang blueberry farm» фермасына барып, иновациялық суару жүйесін көріп, таныстым»,-дейді Ә.Жанбатыров. Мұндай тың жобаларды Шымкент қаласында да жүзеге асыруға мүмкіндік бар, ол алдағы күннің жоспарына енгізіліп отыр.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі