jasqazaq.kz

Шымкентте контейнерлер орнату бойынша жаңа жоба іске қосылады

22 мамыр 2023, 20:06

Бұл үшін бос жер учаскелерін анықтау жұмыстары басталды.

Шымкент қаласында контейнерлер орнату бойынша жаңа жоба іске қосылады. Шымкентте қала тазалығы күн тәртібіндегі мәселе. Қазіргі таңда қаланы таза ұстау, қоқыстарды дер кезінде тасымалдау, тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынған.

Атап айтқанда, қала аумағында бүгінде 610 қоқыс алаңшасы, 2627 қоқыс контейнері, 205 сеткалы контейнер, 125 фракция (құрғақ және дымқыл) контейнер орнатылған. Сондай-ақ, құрамында сынап бар қалдықтарды жинауға арналған 50 контейнер, нан қалдықтарын жинауға арналған 200 дана бөшке қажетті орындарға қойылған.

Шаһарда Ақтас-1 елді мекенінде ауданы 29 гектарды құрайтын қолданыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны жұмыс істеп тұр. Жауапты мамандар сөзінше, осы жылдың 1-ші тоқсанында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі 26,3 пайызды құраған. Айталық, қоқыс полигонына әкелінген қатты тұрмыстық қалдықтар көлемі 52 813,22 тонна, сұрыптауға жіберілген қоқыс көлемі 13 870,803 тоннаға жеткен.

Қазіргі уақытта жеке тұлғалардың ірі көлемді қоқыс пен құрылыс қалдықтарына арналған көлемі 8 текше метрлік контейнер орнату бойынша жаңа жоба қолға алынбақ. Бұл үшін бос жер учаскелерін анықтау жұмыстары басталды. Атап өтсек, биыл қалдықтарды фракциялар (құрғақ және дымқыл) бойынша жинау үшін 125 контейнер, құрамында сынап бар қалдықтарды жинауға 50 жаңа контейнер сатып алу жоспарланған. Сонымен қатар, қала тұрғындарының мәдениетін қалыптастыру және экологияны жақсартуда қалдықтарды сұрыптауға арналған заманауи мобильді пункттер орнатылатын болады.

Айта кетейік, Шымкентте қоқыс сұрыптайтын контейнерлер орнатыла бастады Бұл пилоттық жоба алғаш рет Қаратау ауданы аумағында жүзеге асып отыр. Мұнда қойылған контейнерлерде 8 көпқабатты тұрғын үйдің тұрмыстық қалдығы сұрыпталады. Бұл бағытта алғашқыда арнайы бір қызметкер жұмыс істейді. Ол темір, пластик заттар мен шыны, қағаз және тамақ қалдықтарын бөліп отырады. Кейін тұрғындардың қалдықты сұрыптап тастау мәдениеті қалыптасқан соң, жоба өздігінен іске қосылады.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі