jasqazaq.kz

Шымкентте көкөністің бағасы тұрақты

31 тамыз 2023, 11:35

Мемлекет басшысы Үкіметке маусымаралық кезеңде ішкі нарықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін және баға динамикасын тұрақты ұстап тұру мақсатында форвардтық келісім-шарттар түзуді тапсырған болатын. Осыған орай көктем және жаз айларында көкөніс бағаларын тұрақтандыру мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі мен «Колесников», «Сейдахметов» секілді ірі шаруа қожалықтары арасында бірқатар келісім-шарттар түзілді. Мысалы, «Колесников» шаруа қожалығы 120 гектар жерге ерте пісетін картоп сортын егіп, 1000 тоннадан астам көкөніс алуды жоспарлап отыр. Кәсіпкердің ерте көктемнен басталған еңбегінің арқасында қазір егіс алқабындағы өнім ойдағыдай. Сондықтан да картоп бағасын нарықта шекті бағадан асырмау үшін тұрақтандыру қорынан аталған қожалыққа қаражат бөлінді.

Осы келісім шартқа сәйкес шаруа қожалығының өнімдері наурыз, сәуір айларында бір қалыпты бағаны сақтады. Алдағы мамыр, маусым айларында да картоп бағасы осы шектен аспайтын болады. Қазір «Колесников» шаруа қожалығының қоймасында 300 тонна картоп және 150 тонна сәбіз бар. Олар өз өнімдерін мегаполиске жақын орналасқан Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы «Александр бағы» қоймасында сақтап отыр. Шаруа алдағы уақытта көкөніс өнімдерінің түрін де, көлемін де ұлғайтуды жоспарлауда.

Сондай-ақ, келісім шарт негізінде қалада биылғы жылдың наурыз, сәуір, мамыр айларына 1600 тонна картоп, 1100 тонна сәбіз, 1000 тонна пияз, 1100 тонна қырыққабат алдын ала белгіленіп, бекітілген сауда орындары арқылы межеленген бағада сатылуда.

Бұдан бөлек, күзде пісетін көкөніс өнімдері бойынша да келісім жасалған. 2 000 тонна көкөніске форвардтық шарт түзіліп, 2023 – 2024 жылдары маусымдық кезеңде нарыққа шығарылатын болады. Жалпы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен көкөністер бағасын бірқалыпты ұстап тұру мақсатында қала әкімдігі алдағы уақытта кәсіпкерлермен бірге арнайы келісім шарт түзуді жалғастыра бермек.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры