jasqazaq.kz

Шымкентте құс қалдықтарынан биоотын дайындау жоспарланып отыр

28 шiлде 2023, 9:19

Үшінші мегаполисте биоотын жасау қолға алынуда. Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасы бойынша қала халқының ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтыну қажеттілігін арттыру мақсатында биыл бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарға қойылған. Осыған орай Еңбекші ауданы, Базарқақпа тұрған алабында жаңадан тағамдық жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы бой көтеруде.

Аталған құс фабрикасының аумағы 28 гектарды құрайды. «Аймар құс» аталатын құс фабрикасының жалпы инвестициялық құны 4 млрд.теңге. Жоба бойынша 1-ші кезеңде 220 мың құсқа арналған жеңіл конструкторлы құс фабрикасын құрып, жылдық қуаттылығы 72 миллион дана жұмыртқа өндірілу керек.

Қазіргі уақытта тәуліктік балапандарға арналған 2 қора жай және мекиен тауықтарға арналған 2 құс қорасының құрылысы аяқталып, толықтай құрал жабдықтары орнатылған. Сонымен қатар, қосымша қора жай құрылыстары қарқынды жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарын биылғы жылдың қазан айында аяқтау жоспарға қойылған. Құс фабрикасына сатып алынған құрал жабдықтар сапалы, әрі Германияда құрастырылған. Жоба толықтай іске қосылғанда 100-ге жуық жаңадан жұмыс орны ашылатын болады. Құс шаруашылығында заманауи технологияларды қолдануды қолға алған кәсіпкер алдағы уақытта құстан шыққан қалдықтардан биоотын және биогумус дайындап экологиялық таза тыңайтқыш өндіруді жоспарлап отыр.

Ақпарат үшін айта кетсек, биоотын өндірісі — экономиканың жаңа түрі. Биоотын – биологиялық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы биологиялық шикізаттан алынған отын. Тағы да басқа целлюлозадан және органикалық әртүрлі типті қалдықтардан алынып бағытталған әр түрлі дәрежедегі өңделген жобалар кездеседі, бірақ бұл технолгоиялар әлі бастапқы кезеңдегі өңдеуде немесе коммерциялылықтануда. Био отындар сұйық түрде (іштен жану қозғалтқыштарына арналған, мысалы, этанол, метанол, биоотын), қатты отын (ағаш, шымтезек, отынды гранулалар, жаңқа, сабан, қауыз) және газ тәрізді отындар (биогаз, сутегі).

Мерей Әлімбек

Бүгін, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
Бүгін, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста