jasqazaq.kz

Шымкентте қылмыстық істер 34 пайызға төмендеген

13 шiлде 2023, 15:02

Қазақстан құқықтық мемлекет. Елімізде заң үстемдігін қамтамасыз ету үші өкілетті органдарын реформалау, жаңа пилоттық жобалар енгізу ісі Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде жүзеге асып отыр. «Заң үстемдігі орнықпаса жəне азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, əлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды. Азаматтардың мəселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс жəне əділ шешім шығару қажет. Азаматтар мүддесіне қызмет ететін мемлекеттің жаңа стандарттарын əзірлеу үшін көп жұмыс атқаруымыз керек», — деді Президент Мемлекет басшысының айтқанындай, құқық қорғау жəне сот жүйелеріне негізгі рөл жүктеледі. Яғни, Жолдаудың басты мәні модернизация, соның ішінде құқық қорғау саласын жаңғырту деп айтуға болады. Бұл қадам еліміздің заңнама, құқық салаларында жасалып жатқан өзгерістердің логикалық жалғасы саналады.

Құқық қорғау саласында жүргізілген модернизацияның нәтижесі көңіл көншітерлік. Шымкент қаласы прокуратурасының 2023 жылдың 6 айда атқарылған жұмыс қорытындылары жөнінде ақпараттық-коммуникациялық орталықта баспасөз брифингте айтылған мәліметтер жоғарыдағы сөзімізге дәлел. Қала прокуроры Ғабит Мұқанов жыл басынан бері азаматтардың құқығын қорғау, қылмыстың алдын алу, бизнесті қорғау, коммуналдық тарифтерді төмендету және тағы басқа бағыттардағы жұмыстарды баяндап берді.

Ғабит Қасымбекұлының мәлімдеуінше, 2023 жылдың 6 айында қалада 3508 қылмыс тіркелген. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 34 пайызға төмендеген. Қылмыстардың басым бөлігі – алаяқтыққа қатысты. Ол жалпы қылмыстың 37,5 пайызын (1316) құрап отыр. Ұрлық жасау (1056), есірткіге қатысты (295) қылмыс та негізгі көрсеткіштердің бірі.

– Қылмыстық істердің 56 пайызы (1967) сотқа жолданды. Қазіргі таңда жасөспірімдер қылмысы алаңдатып отыр. Әрине, құзырлы органдардың күшімен мұны толықтай шешу мүмкін емес. Қызметкерлеріміз профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы орайда ата-аналарға үндеу жасаймын. Оларды балалардың тәрбиесіне көңіл бөліп, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қадағалауға шақырамын. Осы мақсатта жұмыстарды бірлесе атқаруымыз керек, – деді қала прокуроры.

Шымкент қаласы прокуратурасы жергілікті құқық қорғау мен уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе «Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» жобасын іске асыруда. Сондай-ақ, Ғ.Қасымбекұлы коммуналдық тарифтерді төмендету, бизнесті қорғау, құқықтық білімді арттыру жобасы және тағы басқа бағыттар бойынша жұмыс барысына тоқталды. Брифинг барысында қала прокуроры Ғ.Мұқанов, қала прокурорының бірінші орынбасары Нұржан Сейдалиев БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Мерей Әлімбек

25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста