jasqazaq.kz

Шымкентте қоғамдық көлік жүйесі толығымен реформаланды

25 шiлде 2023, 21:28

Шымкент қаласында 2020 жылы жолаушылар тасымалы мен қоғамдық көлікті дамытатын кешенді схема әзірленген болатын. Аталған жоспарда шаһардағы қоғамдық көліктер жаңасына ауыстырылып, электронды билет жобасын енгізу қарастырылған болатын.

Мұндай жаңалық шаһарда кезең-кезеңімен іске асырыла бастды. 2020 жылы тұрғындар мен қонақтарға резервпен қосқанда 895 қоғамдық көлік қызмет көрсеткен екен. Бүгінде 10 тасымалдаушы компаниның 1000-ға жуық қоғамдық көлігі жолаушыларға қызмет көрсетіп отыр. Қаладан шалғай орналасқан елді мекендерге жаңа бағыт ашылып, қала орталығына қиындықсыз қатынайтын жағдай жасалды. Сондай-ақ, қаладағы барлық қоғамдық көлік жаңа «Yutong» және «Ankai» маркалы заманауи көліктерге жаңаланды. Осылайша қоғамдық көліктің 90 пайызы жаңаланып, мегаполис мәртебесіне сай қызмет көрсету сапасы да артты.

Сонымен қоса, 2021 жылы Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерге енгізілген «Төлем» электрондық билеттендіру жолаушылардың жолақысын төлеу жүйесін едәуір оңтайландырды. Бүгінде жолаушылар жол ақысын тек картамен ғана емес, байланыс операторларына көлік кодын хабарлама арқылы жіберу арқылы және көпшілік қолданатын Kaspi.kz қосымшасында QR код арқылы төлеу мүмкіндігі қаралған. Қазіргі таңда электронды көлік карталарының саны 700 мыңнан ал, күнделікті транзакциялар саны 350 мыңға жеткен.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың 95 пайызын жақсарту жөнінде Үкіметке тапсырма берген болатын. Бұл жұмыстар Шымкент қаласында тиісті деңгейде атқарылып жатыр. Әсіресе, соңғы жылдары инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар күн тәртібінен түскен емес. Мәселен, 2020 жылы жол құрылысы саласынада 225 нысан немесе 283,8 шақырым жол жөнделіпті. 2021 жылы 189,7 шақырым жолға құрылыс жүргізілсе, 2022 жылы 287,8 шақырым автомобиль жолы орташа және күрделі жөндеуден өткен. Ал, биылғы жылдың соңына дейінгі жоспар бойынша 304 шақырым жолдың құрылысы аяқталып пайдалануға берілмек. Осылайша, 2023 жылды жол құрлысы саласы жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2% пайызға жеткізіп, қорытындылауды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, биыл қалаға кіреберістегі басты магистралды жолдағы жолайрықтың құрылысы, қаланың Солтүстігі мен Оңтүстігін байланыстыратын магистралды жолдың, қаланың транзиттік әлеуетін арттыратын Бәйдібек би-Арғынбеков жолайрығы, Оңтүстік және Шығыс айналма жолдары, Қонаев даңғылының 3-ші кезеңін, Өтегенов көшесінің жалғасын, Темірлан тас жолы және А-2 автомобиль жолындағы үш жаяу жүргіншілер өткелдерін пайдалануға беру көзделіп отыр.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
Бүгін, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста