jasqazaq.kz

Шымкентте каратэден турнир өтіп жатыр

11 мамыр 2023, 14:23

Сайысқа еліміздің барлық өңірінен 500-ге жуық спортшы бақ сынауға келген.

Шымкент қаласында 9 мамыр — Жеңіс күніне орай, шинкиокушинкай каратэден жасөспірімдер арасында қалалық ашық турнир өтіп жатыр. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы және Шымкент қаласының кекушинкай каратэ федерациясы бірлесе ұйымдастырған сайысқа еліміздің барлық өңірінен, жалпы 500-ге жуық спортшы бақ сынауға келген.

Жарыстың ашылу рәсімінде ҚР каратэ федерациясының вице-президенті Талғар Ахмадиев, Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов, ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төраға орынбасары Есебалы Алиев көпшілікті бүгінгі мерекемен құттықтап, аталған спорт түрлері елімізде қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Аталған жарыс бұқаралық спортты дамыту, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу және спортшыларды алдағы додаларға іріктеу мақсатында ұйымдастырылды. Сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері бүгін анықталады.

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласының өзінде 600-ден астам жасөспірім каратэспортымен шұғылданады. Сондай-ақ, қалада «Шымкент конькиі – 2023» республикалық турнирі де бастау алған. Ашылу салтанатының шымылдығын Қазақстан Республикасының спорт шебері, Шымкент қалалық №8 қысқы спорт түрлерінің олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің спортшысы Олег Мельников мерекелік қойылыммен ашты. Түскі үзілістен кейін жасөспірім мәнерлеп сырғанаушылар турнирді жалғастырды.

Мұз сарайында өтіп жатқан респубикалық турнирге еліміздің Астана, Алматы қалалары, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау өңірлерінен және көрші Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінен 270 спортшы қатысуда. Турнирде Шымкент қаласынан 60 мәнерлеп сырғанаушы шеберлігін шыңдайды. Төрт күнге жалғасатын республикалық сайыста мәнерлеп сырғанаушылар өз разрядтарын қорғамақ. Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Аманжолұлының айтуынша, мұндай турнир бұқаралық спортты қолдау мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі