jasqazaq.kz

Шымкентте инфрақұрылым желілерінің қуаты артқан

28 тамыз 2023, 19:00

Шымкент қаласында күнделікті тұтынатын таза ауыз судың тәуліктік қажеттілігі 323 мың текшеметрді құрайды. Бірақ оның бүгінгі күнгі қуаты бар болғаны 273 мың текшеметр. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, аталған мәселені шешу үшін қуаттылығы 91 мың текшеметрді құрайтын Көмешбұлақ магистралды суаққысы салынып, таза ауыз сумен қамту қуаттылығы 2030 жылға дейін толық шешу жоспарланған.

Ал шаһардың электр қуаттылығына деген нақты қажеттілігі тәулігіне 455 мегеват болса, қолданыстағы қуаттылық 330 мегават. Қажеттілікті шешу мақсатында, 220 мегаватты құрайтын Бозарық қосалқы стансасы салынып, электр қуаттылығы мәселесі 2025 жылға дейін шешімін таппақ. Ал бүгінде Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің 472 көшесі жрықтандырылған. Бүгінгі таңда жарықпен қамтылған көшелер 63 пайызға жоғарылаған. Сондай-ақ, биыл 104 көше жарықтандырылады. Қазіргі таңда, 6 айдың қорытындысымен жобалау-сметалық құжаттамалар толық әзірленіп, 49 көшеде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Табиғи газ қуаттылығының нақты қажеттілік тәулігіне 270 мың метр текшеметр болса, қолданыстағы қуаттылық 180 мың текшеметрді құрайды. Осы бағытта 250 мың текшеметрді құрайтын жаңа АГРС құрылысын іске асыру арқылы, 2030 жылға дейінгі табиғи газ қуаттылығы мәселесі шешу көзделген.

— Бүгінде қала бойынша қолданыстағы 150 мың текшеметрді құрайтын кәріз тазарту стансасы толық қуаттылықта жұмыс істеп тұр. Мәселені шешу мақсатында, кәріз тазарту стансасының қуаттылығын 200 мың текшеметрге кеңейту жұмыстарын жыл соңына аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар, жеке инвестор есебінен жаңа әуежай терминалы мен темір жол вокзалы құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Нәтижесінде әуежайдың жолаушыларды өткізу қабілеті сағатына 200 адамнан 2000 адамға, темір жол вокзалы тәулігіне 2 000 адамнан 6000 адамға дейін артатын болады. Мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жергілікті «Іскер қала» бағдарламасы қабылданған. Бағдарлама аясында 216 жобаға қолдау көрсетіліп, 568 жаңа жұмыс орындары ашылған. Республикада алғашқылардың бірі болып, қаладағы барлық бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылды. 500 орындық жаңа заманауи Оқушылар сарайы құрылысы пайдалануға берілді, — дейді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры