jasqazaq.kz

Шымкентте халықаралық кардиохирургтар конгресі өтті

13 қыркүйек 2025, 16:02

Шымкент қаласында «Шымкент жүрек орталығының» 25 жылдығына арналған «Инновациялар, технологиялар және әлемдік тәжірибе: кардиохирургияның болашағы біздің қолымызда» атты халықаралық кардиохирургтар конгресі өтті. Бұл ауқымды басқосуға Қазақстанмен қатар, ТМД елдері мен шетелдің жетекші мамандары қатысып, кардиохирургия саласындағы жаңа тәжірибелер мен озық шешімдерді ортаға салды.

Жиында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков сөз сөйлеп, орталықтың ширек ғасырлық еңбегіне тоқталды. Қала басшысы жүрек орталығының медицинадағы жетістіктерін атап өтті.

-Әкімдік әрдайым медицина саласындағы игі бастамаларды қолдап, инфрақұрылымды дамытуға, дәрігерлер үшін қолайлы жағдай жасауға және инновацияларды енгізуге ерекше көңіл бөледі. Сіздердің тәжірибелеріңіз, ғылыми ізденістеріңіз бен жаңашыл көзқарастарыңыз сапалы әрі қолжетімді медицинаның берік негізі. Бұл орталықтың жетістігі – Шымкенттің ғана емес, бүкіл елдің мақтанышы,– деді.

Конгресс аясында ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен «Шымкент жүрек орталығы» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім өңірдегі ғылыми әріптестікті нығайтып, кардиология саласындағы зерттеулерді жаңа деңгейге көтеруге бағытталды. Сондай-ақ, айтулы шарада ерекше оқиға ретінде Ұлттық ғылым академиясының қолдауымен орталық базасында «Кардиологиялық перспективалық зерттеулер» орталығы ашылды. Оның бастамашысы – белгілі кардиохирург, академик Юрий Пя. Жаңа ғылыми құрылым елімізде алғаш рет іске қосылып, жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу мен емдеудің жаңа әдістерін әзірлеуге мүмкіндік береді.

Орталықтың жұмысы медицина, экология, урбанистика, психология және цифрлық технологияларды тоғыстыратын пәнаралық тәсілге негізделмек. Ғалымдар жүрек ауруларын тек емдеумен шектелмей, оны алдын ала болдырмау бағытында жаңа шешімдер ұсынуды көздейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында: «Ұлт денсаулығы – тұрақты дамудың негізі. Біз тек қана ауруды емдеп қана қоймай, оны ғылымға, технологияға және саларалық ынтымақтастыққа сүйене отырып алдын алуымыз қажет» деген болатын. Бұл сөздер конгресс жұмысының негізгі бағытын айқындады.

Басқосуда кардиохирургиядағы аз инвазивті және роботтық-ассистентті операциялар, 3D модельдеу, навигациялық жүйелерді қолдану тәжірибесі талқыланды. Сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамыту және жас мамандарды қолдау мәселелері көтерілді.

Конгрестің басты қонақтары мен спикерлері қатарында ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Президенті Ақылбек Күрішбаев, академик Юрий Пя, медицина саласының маманы Елжан Біртанов, «Шымкент жүрек орталығының» басқарма төрағасы Дархан Сүйгенбаев болды.

Шымкенттегі халықаралық кардиохирургтар конгресі медициналық ғылымды дамытуға, өңірдің ғылыми әлеуетін нығайтуға және халыққа көрсетілетін кардиологиялық көмектің сапасын арттыруға серпін берген маңызды оқиға ретінде тарихта қалатыны анық.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігі 

Бүгін, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
Бүгін, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции