jasqazaq.kz

Шымкентте газ станциясы келесі жылы пайдалануға беріледі

23 тамыз 2023, 12:17

Қаланың жолаушылар көлігін дамытудың кешенді кестесіне сәкес, бүгінде 78 бағытта қоғамдық көліктер жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетеді. Қала аумағына күнделікті бағытқа 895 автобус шығады. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов жауаптылармен бірге қоғамдық көлік қызметінде атқарылып жатқан жұмыстар барысын тексерді. Бұл жайында қала әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қала әкімдігі таратқан хабарламада қазіргі таңда мегаполисте әлеуметтік мәні бар маршруттардың тізімімен 77 маршрут айкындалғаны айтылған. Аталған бағыттағы автобус маршруттары қала аумағын, сонымен қатар шет аймақтарда орналасқан барлық шағын аудандар мен тұрғын алабтарды қоғамдық көлікпен қамтиды. Автобустардағы кондукторсыз жүйе де қызмет сапасын жақсартып, жолаушылар үшін тиімділігін көрсетуде. Қалалық жалушылар көлігі және автомабиль жолдары басқармасының мәліметінше, кондукторсыз жүйенің тиімді екеніне транзакцияның 70-80 пайызға өскені айқын дәлел. Қазіргі таңда күнделікті транзакциялар саны жұмыс күндері – 380 мың, демалыс күндері 200 мыңды құрап отыр. Бүгінге дейін бақылаушылар тарапынан 500-ден аса жолақы төлемеген жолаушы анықталып, олардың әрқайсысына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес 6900 теңге көлемінде айыппұл салынған. Сондай-ақ бұл жүйе автобус жүргізушілерінің де жалақысын арттыруға септігін тигізіп отыр. Қалада жалпы резервпен қоса санағанда 1100-ден аса автобус, 10 автопарк бар. Сондай-ақ жолаушылардың қолайлылығы үшін қоғамдық көліктерді заман талабына сай жаңарту да басты назарда. Қалада барлық дерлік автобустар жаңа “Yutong” және “Ankai” маркалы заманауи көліктерге ауыстырылды. Тұрақты маршруттарда 600-ден астам автобус жанар-жағар май ретінде экологиялық таза газ-метанды пайдаланады.

Көліктерді газ отынымен қамтамасыз ету үшін 2 газ станциясы қызмет көрсетуде, ал үшінші станциясының құрылысы қазір қарқынды жүргізілуде. Мұрат Дүйсенбекұлы станцияның құрылыс барысын қадағалады. Жауаптыларға құрылыс ерекшеліктерін назарға алып, жұмыстарды жобаға сәйкес атқаруды тапсырды. Сондай-ақ газ құбырларын тартуда орын алған өзекті мәселелерді шешу бойынша тиісті басқармаға нақты тапсырма берді. Автобустардың тасымалдау сапасын арттырып, қозғалыс жиігілін қадағалау қажеттігін ескертті. Жоспарға сәйкес, аталған станцияның құрылысын толық аяқтап, пайдалануға беру 2024 жылдың сәуір айына жоспарланған.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры