jasqazaq.kz

Шымкентте еуропалық иммундау апталығы өткізіледі

18 сәуiр 2023, 15:43

Бұл туралы Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Мелесқызы брифинг барысында мәлімдеді.

Шымкент қаласында 23-29 сәуір аралығында еуропалық иммундау апталығы өткізіледі.

Бұл туралы Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Мелесқызы брифинг барысында мәлімдеді. Қазақстанда иммундау мәселесі денсаулық сақтау саласындағы басым бағыттардың бірі.

Халықты вакцинациялаудың нәтижесінде вацинамен басқарылатын жұқпалы аурулармен сырқаттанушылық деңгейі едәуір төмендейді. Иммундау халық сырқаттанушылығын, өлім-жітімі мен жұмысқа жарамсыздығын болдырмаудың емдеу құнына қатысты экономикалық тиімділігі жоғары шара деуге болады.

Бүгінде иммундаудың еш баламасы жоқ. Иммундау аптасының мақсаты – барлық жастағы адамдарды аурулардан қорғауға жәрдемдесу, адам өмірінің барлық кезеңдерінде вакцинациялаудың пайдасы жөнінде халықты және медицина қауымын, оның ішінде денсаулық сақтау қызметкерлеріне вакцинациялаудың маңыздылығы туралы хабардар ету.

Иммундау апталығы аясында Шымкент қаласындағы тұрғындар арасындағы сырқаттанушылыққа әсерін тигізетін екпе салдырмаған, вакцинадан бас тартушыларға және тіркеусіз, тұрақты мекенсіз өмір сүретін халықтың қиын топтарына ерекше назар аударылады. Иммундау аптасы қала аумағында тұратын халықтың барлық топтарының назарын иммундаудың маңызына аударуға көмегін тигізеді.

Айта кетейік, 2005 жылдан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Еуропа аймағында, 2006 жылдан бері Қазақстан Республикасында иммундау аптасы өткізіледі. Дүниежүзілік иммундау апталығы біздің елімізде де кеңінен аталып өтіледі. Өз кезегінде иммундау миллиондаған өмірді құтқарады және мамандардың көпшілігімен ең тиімді араласу шараларының бірі ретінде мойындалған.

Мерей Әлімбек

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура