jasqazaq.kz

Шымкентте есірткі жарнамалары жойылды

15 қантар 2024, 14:18

Шымкентте 700-ден астам есірткі жарнамасы өшірілді. Polisia.kz хабарлағандай, Департамент бастығының бұйрығымен өткен “Stop-граффити” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағында жалпы саны 731 есірткі жарнамасы жойылды. Есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестерді заңсыз насихаттаудың жолын кесу және жарнамаларды жою жұмысына 158 тәртіп сақшысы мен 342 ерікті жұмылдырылды. Шара барысында Абай, Әл-Фараби, Қаратау, Еңбекші және Тұран ауданы аумақтарында қабырғаларға салынған есірткі сайттарын жарнамалайтын жазбалар өшіріліп, оның орнына “Stop-граффити” таңбасы басылды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Үкімет сағатында депутаттар Шымкентте есірткі жарнамаларының көбеюіне қатысты өз наразылықтарын білдірген болатын. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында да осыған байланысты көптеген сауал туындаған еді. Осыған орай, полиция департаментінің бастығы жедел шара қолданып, қалалық жастар орталығы, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп 10-14 қаңтар аралығында жергілікті деңгейде “Stop-граффити” іс-шарасын өткізді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі