jasqazaq.kz

Шымкентте «Бозбала мен Бойжеткен – 2023» байқауы өтті

14 сәуiр 2023, 18:52

Байқауға қатысушы 8 жұп 4 кезең бойынша сайысқа түсті.

15 сәуір – «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» ғашықтар күні. Шымкентте ғашықтар мерекесінде жыл сайын дәстүрлі түрде «Бозбала мен бойжеткен» байқауы өтіп, ең жарасымды жұпты анықтайды. Биылғы махаббат пен сүйіспеншілік құндылығын асқақтатқан байқауда ОҚМПУ-дың талантты да өнерлі жұптары жеңімпаз атанды.

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Бозбала мен бойжеткен — 2023» байқауына биыл 8 жұп қатысты. «Бұл сайыс – жастардың бойына әдептілік, ізгілік, адалдық секілді қасиеттерді сіңіру және қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрін ұмыт қалдырмауға бағытталады»- деді қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов.

– «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» лиро-эпостық жыры – қазақ халқының ауыз әдебиетінде ерекше орынға ие, көркемдік қуаты мен эстетикалық мәні зор туынды. Бұл жыр махабатқа беріктікті, таза, іңкәр сезімді, жарға деген сүйіспеншілік пен адалдықты және мейірім мен ізгілікті ғасырлар бойы дәріптеп, осынау құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп жеткізіп келеді, — деді М.Исахов.

Төрт кезеңнен тұратын байқауда жастардың шығармашылық өнері мен зияткерлік дарыны сынға түсті. «Бозбала мен Бойжеткен – 2023» байқауының нәтижесі: 1-орын:
Даниял мен Ақсезім — Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті;
2-орын: Бақдаулет пен Меруерт — Орталық Азия инновациялық университеті;
3-орын: Асылбек пен Жасмин — М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті.
Номинациялар бойынша: Ең жарасымды жұп – Едіге мен Аружан;
Ең өнерлі жұп – Айбек пен Балнұр;
Ең креативті жұп – Нұржан мен Сания; Көрермен көзайымы жұбы – Дарын мен Жанель;
Ең парасатты жұп – Бақдәулет пен Ару.
Жеңімпаздар арнайы диплом мен арнайы сыйлықтармен марапатталды. Аталған байқау биыл қаламызда екінші рет өткізіліп отыр. Ең алғаш рет «Бозбала мен бойжеткен – 2022» байқауы өткен болатын. Сайысқа қатысуға 50-ге жуық ұсыныс келіп түскен. Дегенмен, 8 жұп қана финалға жолдама алып, бақ сынады.

Мерей Әлімбек

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура