jasqazaq.kz

Шымкентте биыл кәрізбен қамту көрсеткіші 65 пайызға жетеді

29 маусым 2023, 9:39

Шымкен қаласының бес жылдық даму жоспарында қала халқын кәрізбен қамтылуы да қаралған. Биылғы көрсеткіш бойынша тұрғындардың орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылуы 60 пайызды құрайды. Жыл соңына дейін 65 пайызға жеткізу үшін 6 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалалық инфрақұрылымды дамыту басқармасының дерегінше шаһар аумағындағы 81 елді мекеннің 24-і ғана орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған екен.

Бүгінгі таңда Мирас, Шапағат-2 шағын аудандарында кәріз жүйелерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Аталған елдімекендерге канализациялық желілерді жүргізу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2020 жылы сараптамалық қорытынды алынған болатын. Мердігер мекеме 2021-2023 жылдарға құрылыс жұмыстарына бөлінген бюджет қаражаты есебінен кәріз желілерін тартуда. Қазіргі таңда қаламыздағы 81 шағынауданның 24-і канализациямен қамтамасыз етілген. иыл Тассай, Тұран (ішкі жүйесі), Қайтпас-2, 112- орам, Бозарық шағынаудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонент кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде қалада кәрізбен қамту көрсеткіші 60 % — дан 65 % — ға артатын болады.

Мирас-Шапағат-2 нысанында жоспар бойынша жалпы ұзындығы 50,4 шақырым құбыр жүргізіледі екен. Осыған дейін жұмыстардың 69 пайызы орындалған. Жалпы 30 адам, 7 арнайы техника жұмылдырылған нысанның құрылыс жұмыстары толығымен 2024 жылы аяқталатын болады.

Қаланы орталықтандырылған кәрізбен қамту мұнымен тоқталып қалмақ емес. Қаланың инфрақұрылымын дамыту жоспар бойынша 2024 жылы – КОС-1, Рысқұловтан КОС-1-ге, Забадамнан КОС-1ге, Елтай, Жыланбұзған, Айнатас, Бадам 1-2, Шаңырақ, Айқап, Тұран коллектор, Төлеметов коллекторы және Нұртас шағынауданында кәріз жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі