jasqazaq.kz

Шымкентте биыл 26 мың гектарға тұқым себілді

16 маусым 2023, 16:59

Шымкентте 3500-ге жуық шаруа қожалық бар. Бүгінде көктемгі дала жұмыстарымен 100-ден аса қожалық айналысып жатыр. Егіс алқабындағы көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге жеңілдетілген бағада 1000 тонна жанармай қаралған. Қазіргі уақытта 310 тонна дизель отыны шаруаларға үлестіріліпті. Бұл туралы қалалық ауылшаруашылық және ветеринария басқармасы мәлімдеді.

Биыл қала маңындағы ауыл шаруашылығы бағытындағы 27 мың гектар жер егістік мақсатқа пайдаланылады. Бүгінде оның 6,2 мың гектарына күздік дақыл, 13,7 гектарына көктемгі дақыл тұқымдары себілді. Сәуірден бастап себілген көкөніс және бақша тұқымы бүгінде жайқалып тұр.

– Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесін алғанға дейін ауыл шаруашылығы бағытында 60 мың гектар жер болған. Оның 20 мың гектары мал шаруашылығына арналса, 40 мың гектары егістік жерлер еді. Егістіктің 10 мың гектары суармалы жер, қалғаны тәлімдік егістік алқабы. Жылдан жылға қала аумағының кеңейіп, әлеуметтік нысандардың көптеп салынуы ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлердің қысқаруына әкеліп отыр. Өткен жылы 30 мың гектардан өнім жиналса, биыл 26 мың гектарға тұқым себіледі. Қазірге дейін 19,9 мың гектарға дәнді-дақылдар, майлы дақылдар және мал азықтық дақылдары себілді, — деді қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының өкілі Жәнібек Тоғай.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыруда егін шаруашылығы үшін мемлекеттік қолдауға жергілікті бюджеттен 143,2 миллион теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде 122 млн. теңгеден астамы минералды тыңайтқыштың құнын субсидиялауға, ал тұқым шаруашылығын дамытуға 20,4 млн, пестицидтердің, биоагенттерді сатып алуға 6 млн теңге қаралған екен.

–Қожалығымызда 3 мың гектар жер бар. Биыл осы жерлерді толық игеріп, 400 гектарына арпа, 600-ге жуық гектарға мақсары, 150 гектарына жоңышқа, қалған жерге бидай тұқымдары себілді. Жеріміз тәлімді болғандықтан егіннің бітік болуы көктемгі жауынға байланысты. Ауыл шаруашылығына қажетті мемлекеттік қолдаудың барлығын алып жатырмыз. Жылына осы жерге 200 тонна дизель отыны жұмсалады. Бүгінге дейін көктемгі дала жұмыстары үшін 10 тонна жанармайды жеңілдетілген бағада алдық. Алайда, мемлекеттен берілетін қолдауға өз уақытынан кеш қол жеткіздік. Қажетті жанар-жағармай уақытында берілсе құба-құп болар еді,- дейді «АгроСервис БМБ» шаруа қожалығының құрылтайшысы Манасбай Бекбауов.

Мерей Әлімбек

23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции