jasqazaq.kz

Шымкентте бітіруші түлектерге арналған «Болашаққа қадам» жобасы өтті

26 сәуiр 2023, 9:22

Жобаға №87 жалпы орта білім беретін мектептің бітіруші сынып оқушылары қатысып, №1 Мамандырылған өрт сөндіру бекетіне экскурсия жасады.

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жалпы орта білім беру мектебінің бітіруші түлектеріне кәсіби бағдар беруге бағытталған «Болашаққа қадам» жобасы өтті.

Аталған шараның мақсаты — оқушыларды мамандықтар туралы түсінікпен ақпараттандыру және кәсіптік қызығушылын арттырып, қабілеттілігін қалыптастыру. Жобаға №87 жалпы орта білім беретін мектептің бітіруші сынып оқушылары қатысып, №1 Мамандырылған өрт сөндіру бекетіне экскурсия жасады.

Оқушылар экскурсия барысында өрт сөндіру құралдарының қызметімен толық танысып, практикалық тәжірибеден өтті. Одан бөлек, қаламыздағы бітіруші мектеп оқушылары түзілген кесте бойынша түрлі кәсіпорындарға экскурсия жасауда.

Іс-шара аясында «Birgemiz — Asylmura» жалпы ұлттық жобасы аясында «Al-Farabi academialiq» мектебінің оқушылары Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрына экскурсия жасады. Айта кетейік, Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «Мобильді топ» пен Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерлері бірлесіп, Орталық Азия Инновациялық университет жастарына мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша кездесу өткізді. Аталған кездесу мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, жастарды кәсіпкерлік саласындағы мүмкіндіктерден хабардар ету арқылы дұрыс мамандық таңдауларына бағыт-бағдар көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында студенттерге жұмыспен қамтудың белсенді шаралары мен 2,5% пайыздық жеңілдетілген несие бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, жас мамандарға арналған «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы», «Ұрпақтар келісім-шарты» бағдарламалары бойынша кеңінен түсіндірілді. Кездесу соңында мамандар студенттердің жұмыспен қамту шараларына қатысты сұрақтарына жауап берді.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі