jasqazaq.kz

Шымкентте бірнеше қылмыстық топ тұтқындалды (Видео)

15 қазан 2024, 10:45


Жыл басынан бері Шымкентте ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға қатысы бар 10-нан астам топ ұсталды.
ІІМ ақпаратынша, 8 қазанда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел іс-шаралардың нәтижесінде ойын-сауық мекемелеріне қылмыстық қамқоршылық көрсеткен жастар тобы ұсталды. Олардың келесі қылмыстарға қатысы барлығы анықталды:
бопсалауға,
бұзақылыққа,
қаруды заңсыз сақтауға.
Сондай-ақ, Шымкент кәсіпкерлерін бопсалауға қатысы бар басқа қылмыстық топтың мүшелері тұтқындалды. Олар өздерінің қылмыстық қамқорлығы үшін үш миллион теңгеге дейін алған. Келіспеген жағдайда физикалық және моральдық қысым жасаған.
Осы фактілер бойынша ішкі істер органдарына барлығы 35 фигурант жеткізілді, 100-ден астам тінту шаралары жүргізілді. Қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді.
«Айта кету керек, жыл басынан бері Шымкент қаласында қылмыстық топтардың жолын кесу барысында 30-дан астам атыс және травматикалық қару, оның ішінде бір Калашников автоматы, 15 шолақ мылтық, 11 тапанша, екі винчестер және мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. Өңірлерде «заң және тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету бойынша жұмыс ерекше бақылауда», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі