jasqazaq.kz

Шымкентте биогумуспен айналысатын кәсіпкерлер қатары артуда

29 тамыз 2023, 12:33

Шымкент қаласында биогумуспен айналысатын кәсіпкерлер қатары артып келеді. Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыровтың айтуынша, қала әкімдігінің қолдауымен, кластерлік жобалар аясында жүзеге асырылып жатқан, биогумуспен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің органикалық өнімдері қаладағы «Қырғы базар» сауда орталығына нарыққа шығарылды.

— Ауыл шаруашылығы саласында сұранысқа ие тыңайтқыштың бірі — биогумус өндіру кәсібін қолға алған кәсіпкерлер қатары артып келеді. Яғни, Қазақстанға бейімделген калифорниялық қызыл шылаушынның көмегімен органикалық қалдықтарды, атап айтқанда, төрт түлік малдың қиы, құс саңғырығы, қураған шөп, көкөніс сабақтары, арпа-бидай сабағын залалсыздандыра отырып, өңдеумен айналысуда. «Калифорниялық қызыл құрттардың қарапайым құрттан айырмашылығы – ұзақ өмір сүруінде. Олардың арнайы құжаты бар. Қызыл шылаушын көңмен қоректенеді, одан шыққан дүниені биогумус деп айтамыз. Бұл – еш қоспасыз табиғи өнім. Осы тыңайтқыштар арқылы таза, органикалық өнім аласыз. Шындығында, биогумустың артықшылықтарын мамандар бірауыздан қолдайды. Біріншіден, бұл арқылы шаруашылықтардағы көңді шығару мәселесі шешіліп отыр, екіншіден, одан таза, органикалық тыңайтқыштар алынады. Сондай-ақ, олар өнімділікті арттырып қана қоймай, жеміс-жидек, көкөністердің сапасына, дәміне оң әсер етеді. Бүгінде адамдардың өнімге деген қызығушылығы артып келеді. Әсіресе, диқандар арасында сұраныс жоғары, — дейді Әбунасыр Жанбатыров.

Зертхана мамандары да басқарма басшысының сөзін құптап отыр. Өйткені қазіргі таңда елімізде органикалық тыңайтқыштар қолданып өсірген көкөніс пен жеміс-жидектерге халықтың қызығушылығы арта түскен. Органикалық тыңайтқыш яғни биогумус және басқа да органикалық тыңайтқыштар қолданып өсірген жеміс-жидектердің құрамында химиялық қоспалар болмауына байланысты, адамның ағзасына пайдалы қажетті дәрумендер көп болып табылады. Осыған сәйкес, өнімдердің құрамындағы дәрумендердің көлемін халыққа көрсету мақсатында қаламыздағы санитарно-эпидемиологиялық станциясына қарасты зертхана мамандары сауда орталығына келіп, өнімдерге тексеру жұмыстарын жүргізген.

«Диқандар, шаруа қожалықтары, ауыл шаруашылығы кооперативтері органикалық тыңайтқыш түрлері — биокомпост, биогумус, сұйық түрі биомиксті ең аз көлемде сатып алып қолданса, оларға жобаға қатысқандарын растайтын сертификат беріледі. Екіншіден, биогумусты қолдану арқылы алған өнімі жайлы мағлұмат беріп, келесі жылға да өтінім қалдырса, оның қанша өнім алғанына қарамастан 50 пайызын мемлекет төлеп береді. Жалпы минералды тыңайтқыш өндіру ісі бабын білсеңіз өте тиімді кәсіп. Бұл салада ең бастысы еңбек пен шыдамдылық қажет», — дейді Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров.

Алдағы уақытта, қала халқын дәрумендерге мол көкөніспен жеміс-жидектермен қамтамасыз ету мақсатында, қала әкімдігінің қолдауымен органикалық өнімдердің көлемін арттыру жоспарлануда.

Мерей Әлімбек

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее