jasqazaq.kz

Шымкентте баласының басынан күрекпен ұрған қатыгез әке ұсталды

27 мамыр 2017, 13:50

Шымкентте төрт жасар баласының басынан күрекпен ұрып, Қазнетті дүрліктірген 49 жастағы ер адамды ұсталды деп хабарлайды ОҚО ІІД сілтеме жасап NUR.KZ.

Аталған факті Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД СДБ ҚК 110 «Азаптау» бабы бойынша тіркелген.

«2017 жылдың 27 мамыры жедел-іздестіру барысында Еңбекші АІІБ қызметкерлері өз баласын аяусыз таяқтаған 1968 жылғы ер адамды ұстайды. Полицейлер күдіктіні Еңбекші полиция бөлімшесіне жеткізді» – деп түсіндірді ІІД.

Қазір онымен тергеушілер жұмыс жасап жатыр. Аталған оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Анықталғандай, баланы қалдыратын ешкім жоқ. Анасы ұлын туа салысымен тастап кеткен, -деп жазады Tvk-uko.kz сенімді дереккөзге сілтеме жасап.

Жалданып жұмыс істейтін Шымкент тұрғыны өзімен бірге баласын алып жүреді екен. Ролик осындай нысандардың бірінде түсірілген.

Полицейлердің сөзінше, олар баланы тамақтандырған, оның қазіргі жағдайы жақсы.

Естеріңізге салсақ, бірнеше күн бұрын Шымкентте туған ұлын басынан күрекпен ұрып жатқан әкенің жантүршігерлік видеосы пайда болған. Роликте машина дөңгелегіне баласын күштеп отырғызып қойған ер адам, бүлдіршіннің басынан күрекпен ұрады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде