jasqazaq.kz

Шымкентте азық-түлік тапшылығы жоқ

11 тамыз 2023, 9:54

Шымкент қаласының халқы бір жылда жалпы көлемі 500 мың тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұтынады. Шаһарды азық-түлік тауарларымен қамту үлесі тиісті деңгейде. Тұрақтандыру қорынан өзге қала аумағындағы тамақ өнеркәсібі саласындағы «Шымкент май» АҚ, «Алтын Дән» ЖШС, «Барыс-2007» ЖШС, «Шымкент құс» ЖШС, «Шымкент сүт» ЖШС және тағы басқа осы секілді ірі кәсіпорындар да мегаполис тұрғындарын азық-түлікпен қамтып келеді.

Атап айтқанда, бұл өндіріс орындары қаланы ұн, макарон және күнбағыс майы, тауық жұмыртқасымен жүз пайызға қамтамасыз етеді. Ұн, макарон өнімдерінің қамту үлесі жоғары болғанымен, бидай шикізаты еліміздің солтүстік өңірлерінен тасымалданады. Сондықтан тамақ өнеркәсібінде шикізатқа деген үлкен тәуелділік бар.

Бұдан бөлек, қала аумағына өзге өңірлерден немесе алыс-жақын шет мемлекеттерден тасымалданатын азық-түлік қорларын «Meir-Trade Dirstibution Company» ЖШС, «Прима Дистрибьюшн» ЖШС, «Асан» ЖШС тағы сол секілді ірі дистрибьютерлік желілер қамтамасыз етіп отыр. Күріш, құмшекер, қарақұмық жармасы, ас тұзы тауарлары Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарының өндірушілері арқылы жеткізіледі.

Тауық еті бойынша қаланың қамту үлесі 40 пайызды құрап, қосымша қажеттілік АҚШ, Белоруссия мемлекеттерінен және Алматы қаласы мен Түркістан облысынан әкелінеді. Ал, сиыр еті бойынша қала өзін 65 пайызға қамтамасыз етіп, қалғаны Түркістан облысынан тасымалданады. Сүт, сүзбе өнімдерінің қамту үлесі орта есеппен – 40 пайыз. Жетпегенін солтүстік өңірлерден және Түркістан облысынан аламыз.

Сондай-ақ, көкөніс өнімдері Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Жамбыл, Түркістан өңірлерінен және Павлодар қаласынан жеткізіледі. Бұл өнімдердің жергілікті қамту үлесі 10-15 пайыз шамасын құрайды. Жалпы қала бойынша азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ, қор жеткілікті.

Көптен бері айтылып келе жатқан агроиндустриалды аймақтарда бүгінгі таңда ауқымды жобалар іске асырылуда. Нақтылап айтсақ, «Тепличный рай» агроиндустриалды аймағының бірінші кезеңінде 9,8 млрд теңгені құрайтын 6 жоба іске асады. Олар «ASM Corporation» ЖШС, «AIDI Agro Trad»e ЖШС, «Nur Alem Agro» ЖШС, «ABK AGRO» ЖШС, «IGM Corporation» ЖШС және «Baitana AGRO» жеке серіктестіктері. Қазіргі таңда 2 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағының I кезеңінде 8,7 млрд теңгені құрайтын 7 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Мерей Әлімбек

25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста