jasqazaq.kz

Шымкентте ауызсу мәселесі биыл толығымен шешіледі

10 шiлде 2023, 9:49

Қазіргі уақытта Шымкент қаласы бойынша 81 елді мекеннің 78-і (1084,9 мың тұрғын) сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Шымкент қаласындағы ауызсуды кестемен ішіп отырған үш елді мекеннің мәселесі шешілетін болды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов ауыз су құбырлары тартылып жатқан нысандар құрылысын аралау барысында Сайрам тұрғын алабына тоқталды. Бұл туралды қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдік таратқан ақпаратқа сүйенсек, мұнда жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Мұрат Дүйсенбекұлы атқарылған жұмыстарға шолу жасап, әрі қарайғы құрылыс кезеңдерін де сапалы орындауды тапсырыпты.

Қазіргі уақытта Шымкент қаласы бойынша 81 елді мекеннің 78-і (1084,9 мың тұрғын) сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендері ауыз суды бекітілген кестемен тұтынып отыр. Сондықтан Шымкент қаласын сапалы ауыз сумен түгел қамту мақсатында қазір 6 нысанда су құбырын тарту жұмыстары іске асып жатыр. Олар Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумағындағы құбырлар. Соның ішінде Шымкент қаласының «Сайрам» тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 3 кезеңнен тұратын жобалау- сметалық құжаттамасы әзірленген. Атап айтқанда жобалаушы мекеме «Батыс Алға LTD» ЖШС тарапынан 1 және 2 кезеңнің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған.

Бүгінде мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары басталып кетті. Қалған 3- кезеңге жобалаушы мекеме «Redline Pro» ЖШС-гі тарапынан жобалау- сметалық құжаттамасы да әзірленген. Қазір мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС-і тарапынан құрысылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың соңында аяқталып, пайдалануға беріледі. Сондай-ақ 2023 жылдың соңына дейін 6 нысанның да құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі және нәтижесінде 72 мыңнан астам адам орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады. Биыл Шымкент қаласы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98,5% — дан 100% — ға дейін жетеді.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі