jasqazaq.kz

Шымкентте асыл тұқымды мал шаруашылығы дамып келеді

13 шiлде 2023, 10:09

Мемлекеттің көмегіне қол жеткізу үшін жылқы мен ірі қараның 50 бастан, қой 300 бастан кем болмауы тиіс.

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау көрсетуге бюджеттен жалпы 1 млрд 71,8 миллион теңге қаржы қаралыпты.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы агроөнеркәсіп кешенін дамыту бөлімінің басшысы Жәнібек Тоғай мәлімдеді.

–Шымкентте 60 мың гектар ауыл шаруашылығы жері бар. Оның 20 мың гектары жайылымдық жер. Қазір қала аумағында 70 мың басқа жуық ірі қара бар. Мемлекет мал басын асылдандыруға басымдық беріп отырмыз. Егер фермер асыл тұқымды мал сатып алса, ірі қараның әрбір басына 400 мың теңгеге дейін субсидия беріледі. Жалпы, ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау көрсетуге бюджеттен 1 миллиард 49 миллион теңге бөлінсе, оның ішінде мал азығын субсидиялауға 248 миллион теңге жұмсалмақ, – деді Ж.Тоғай.

Оның айтуынша, қуаңшылыққа байланысты жем-шөпке арнап та субсидия төленеді. Мәселен, биыл оның мөлшері асыл тұқымды ірі қараның аналығына жылына 70 мың теңгені құрайды. Егер сиыр аралас тұқымды болса, 50 мың теңге, шаруа мал болса, 30 мың теңге төленеді. Жылқыда әр сауын биеге 30 мың теңге, аналық қойдың әр басына 8 мың теңге субсидия беріледі. Дегенмен, мұндай көмекке қол жеткізу үшін жылқы мен ірі қараның 50 бастан, қой 300 бастан кем болмауы тиіс.

Мемлекеттің осындай көмегінің шарапатын көріп, шаруасын дөңгелетіп отырғандардың бірі Кәрімжан Егемназаров. Алғаш рет осыдан 3 жыл бұрын Нимдерландыдан голштин тұқымды 35 бас бұзаулы сиыр әкелген шаруашылықта бүгінде 220 бас ірі қара бар. Оның ішінде 140 басы сауын сиыр екен.

–Заманауи талаптарға сай қоражай салып жатырмыз. Құрылыс жұмыстары аяқталуға таяу. Голштин тұқымының артықшылығы оның сүтті мол беруінде. Белгіленген рационмен құрама жем беріп отырамыз. Нәтижесінде әр басы тәулігіне 24-28 литр аралығында сүт береді. Яғни, әр сиыр жылына 7 тоннадан астам сүт береді. Қазір тәулігіне 3 тоннаға жуық сүт сауып алып отырмыз, – дейді К.Егемназаров.

Әзірге шаруашылық сүтті жергілікті сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындарға өткізіп отыр. Өткізілген сүттің әр литріне 20 теңгеден қосымша субсидия алады екен. Кәсіпкер ферманың құрылысы аяқталған соң мал басын көбейтуді, сөйтіп біртіндеп шағын сүт өңдеу зауытын ашуды көздеп отыр екен.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі