jasqazaq.kz

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру қатаң бақылауда

27 мамыр 2023, 19:43

Арнайы құрылған жұмысшы топ Shymcity шағынауданы «Маркет» сауда орталығындағы бағаны бақылады.

Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау, тұрақтандыру бойынша жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Арнайы құрылған жұмысшы топ Shymcity шағынауданы «Маркет» сауда орталығындағы бағаны бақылады. Онда нан 90 теңге, сиыр еті 2350 теңгеден сатылып жатыр.

Сауда нүктесі 2019 жылы ашылған болатын. Мұнда жалпы әлеуметтік бағада 12 тауар түрі бар. Шаһарда бірінші қажетті азық-түлік тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар кәсіпкерлік нысандар, сауда желілері, үй маңындағы дүкендер, жергілікті тауар өндірушілермен келісімдер жасалған.

«Маркет» сауда орталығының басшысы Ақерке Байтұрсынованың айтуынша, күн сайын дүкенге 250-ге жуық нан жеткізіледі. Күн сайын әлеуметтік бағада 30 кг ет, 1200 дана жұмыртқа сатылады. Алда сауда орталығының үшінші желісін ашу жоспарда тұр.

Айта кетейік, Шымкент қаласында форвардтық шарт бойынша көкөніс өнімдері шекті бағаны ұстап тұр. Мемлекет басшысы маусымаралық кезеңде ішкі нарықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін және баға динамикасын тұрақты ұстап тұру мақсатында форвардтық келісім-шарттар түзу тапсырған болатын.

Осыған орай, көктем және жаз айларында көкөніс бағаларын тұрақтандыру мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі мен «Колесников», «Сейдахметов» секілді ірі шаруа қожалықтары арасында бірқатар келісім-шарттар түзілді. Атап айтқанда, «Колесников» шаруа қожалығы 120 гектар жерге ерте пісетін картоп сортын егіп, 1000 тоннадан астам көкөніс алуды жоспарлаған. Кәсіпкердің ерте көктемнен басталған еңбегінің арқасында қазір егіс алқабындағы өнім ойдағыдай. Сондықтан картоп бағасын нарықта шекті суммадан асырмау үшін тұрақтандыру қорынан аталған қожалыққа қаражат бөлінді. Осы келісім шартқа сәйкес, шаруа қожалығының өнімдері наурыз, сәуір айларында бір қалыпты бағаны сақтады.

Ал алдағы мамыр, маусым айларында да картоп бағасы осы шектен аспайтын болады. Қазір «Колесников» шаруа қожалығының қоймасында 300 тонна картоп және 150 тонна сәбіз бар, олар өз өнімдерін қалаға жақын орналасқан Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы «Александр бағы» қоймасында сақтап отыр. Шаруа алдағы уақытта көкөніс өнімдерін ұлғайтуды жоспарлауда.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
Бүгін, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции