jasqazaq.kz

Шымкентте әлемдік тәжірибеден өткен алғашқы демонстрациялық алаң ашылмақ

27 мамыр 2023, 20:13

«Салауатты ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» Ұлттық жобасында Мемлекет басшысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметті нығайту және отандық дәрі-дәрмек өндірісін дамыту жөніндегі Жолдауында айтылған тапсырмалары көрініс тапты. Ұлттық жоба 4 бағыттан тұрады. Ұлттық жобаны іске асыру медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, жүкті әйелдердің денсаулығын сақтауға және балалардың денсаулығын нығайтуға, мүмкіндіктері шектеулі балаларды оңалтумен қамтуға, кадр әлеуетін нығайтуға ықпал ететін болады.

Президент тапсырмасын іске асыру .үшін Шымкентте медициналық ұйымдарда алғашқы медициналық-санитарлық көмектің әлемдік озық практикасы енгізіледі. Бұл бойынша қаладағы 4 медициналық ұйымның бас дәрігері сәуір-мамыр айларында оқудан өткен. Бүгін озық тәжірибені қолдану бойынша Шымкент қалалық №6 емханада 3 күндік семинар басталды.

Жиынға «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығының президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор Төлебай Қосиябекұлы келді. Қалалық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Бақытжан Абдуллаев, бірқатар дәрігер-профессорлар шаһардағы №1, 3, 6, 7 емханаларды аралап, дайындығын бақылады.

–Жобаның мақсаты – халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, науқастарға сапалы және жедел көмек көрсету, озық инновациялық технологияларды пайдалану, мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру. Бұл жобада пациент және оның отбасының қажеттіліктері төңірегінде барлық медициналық қызметтерді біріктіріліп, көрсетіледі. Европаның 53 мемлекетінде модельді платформа болып жарияланған бұл жобаның берері көп. Жоба аясында халықтың да медициналық білімі артпақ. Бүгінгі таңда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету стандарты әзірленді. Стандартта халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған «Адам – Бағдарланған тәсіл» МСАК озық тәжірибелерін енгізу, ерлер денсаулығы, салауатты тамақтану, денсаулық мектептері, балаға мейірімді қарым-қатынас, ақыл-ой денсаулығы енгізілген,–деді профессор Т.Қосиябекұлы.

Айта кетейік, 2022 жылы Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының МСАК алғашқы медициналық-санитарлық көмектің озық тәжірибелерін көрсету бойынша алғашқы демонстрациялық алаңы ашылған болатын. Еңбекші қазақ ауданы қазіргі уақытта озық тәжірибелерді енгізудің табысты нәтижелерін көрсетуде. Халықтың МСАК медбикелері мен әлеуметтік қызметкерлерге жүгіну саны артып, отбасылық дәрігерлерге жүгіну саны үш есеге, ал бейіндегі мамандарға жүгіну саны 50 пайызға азайған.

Мерей Әлімбек

13 мамыр, 15:04
Астаналық зейнеткерлерге интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді
13 мамыр, 12:58
Туркестан: Борьба с саранчой продолжается
12 мамыр, 15:00
Аким Туркестанской области встретился с президентом компании "Magister Art" Ренато Сапорито
12 мамыр, 14:38
Туркестан: Ведется масштабная работа по улучшению дорожной инфраструктуры
12 мамыр, 14:30
Туркестан: Социальные объекты - на благо населения
12 мамыр, 14:16
Туркестан: В Жетысайском районе завершаются работы по восстановлению вертикального дренажа
12 мамыр, 14:14
Туркестан: В Тюлькубасе прошел республиканский конкурс молодежного творчества
08 мамыр, 14:51
4 завода по переработке водосберегающих технологий расположены в Туркестанской области
07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті