jasqazaq.kz

Шымкентте 800 орындық клиника мен 6 медициналық орталық салынады

16 маусым 2023, 15:39

Шымкентте соңғы 4 жыл ішінде 12 жекеменшік емхана ашылып, мемлекеттік емханалардың жүктемесі 30 пайызға азайған. Бұл туралы Астана қаласындағы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.

–Денсаулық сақтау саласындағы басты мақсатымыз – тұрғындарға сапалы қызмет көрсету мен қолжетімділікті арттыру. Соңғы 5 жылда денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жарақтандыруға 19 млрд. теңге бағытталып, қамту деңгейі 67 пайыздан 79 пайызға артты. Өткен жылы қалада жеке инвестор есебінен ПЭТ/КТ сәулелі терапия орталығы ашылып, қатерлі ісік ауруын бастапқы сатысында анықтап, алдын ала емдеуге мүмкіндік беруде. Биыл жеке инвесторлар есебінен 3 жаңа емхана ашылды Осы атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде, жыл басынан бері жалпы өлім көрсеткіші 8 пайызға, нәресте өлімі 20,6 пайызға төмендеді, ана өлімі тіркелмеген, – деді М.Әйтенов.

Сондай-ақ қала әкімі, 2025 жылға дейін жаңа заманауи перзентхана, жеке инвесторлардың есебінен 800 орындық клиниканың құрылысы, 6 медициналық орталық ашу жоспарланғанын атап өтті.

Қалада өткен жылы 24 800 орындық 43 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде, үш ауысымды мектептер саны 9-дан 4-ке, ыңғайластырылған мектеп саны 4-тен 3-ке азайған. Биыл 18 мектепті пайдалануға беріп, үш ауысымды мектеп мәселесін толығымен шешу көзделуде. Президенттің бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында мегаполисте 2025 жыл соңына дейін 28 мың орындық 18 мектеп пайдалануға беріледі. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2 Оқушылар сарайының құрылысы басталып, оның 1-уі жуырда пайдалануға беріледі. Одан бөлек, 2029 жылға дейін сыйымдылығы 750 орындық 5 өнер мектебінің құрылысы жоспарлануда. Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы қала қалыптастыру мақсатында 9 гүлзар, 1 саябақ салу және қала орталығындағы Қошқар ата өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, аумағы 42 гектарды құрайтын Шымсити шағын ауданында жаңа саябақ құрылысын басталды. Қаладағы демалыс аймақтарын ұлғайту мақсатында, жоспарға сәйкес жыл сайын 10 гүлзар салынатын болады.

Мерей Әлімбек

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее